Жетісай ауданының Жылысу ауылындағы «Ер-Те Агро» шаруа қожалығында еліміздегі жүзім шаруашылығын дамыту мақсатында республикалық семинар-кеңесін өткізді.
Шаруалардың шарасына Украинадағы алдыңғы қатарлы «Виноград-Одесса» тұқымбағының директоры А.Гайдай, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Маханбетов және Алматы облысы мен Түркістан өңірінің барлық аудандарынан жүзім шаруаларының 50-ден астам шаруа қожалықтардың төрағалары болды.
Жиынның басты тақырыбында жүзімнің асханалық сорттарының күтіп-бапталу жолдары айтылды және тірегіш қадаларды дұрыс орнату, қырқу-көму шараларының тиімділігін арттыру жайылы да талқыланды. «Ер-Те Агро» серіктестігінің құрылтайшысы Ербол Ералиев семинарға қатысушыларға жүзім егудің тиімділігі мен қиындықтарын, оны күтіп-баптау жолдарын тәптіштеп түсіндіріп берді. Оның айтуынша, Жетісай өңірі – жүзім шаруашылығын дамытуға өте қолайлы өлке. Сондықтан егістік жерді әртараптандыру мақсатында жүзім егу ісінен жүрексінбеу керек. Керісінше, жүзім шаруашылығының қыр-сырын меңгеріп, әлемдік сұранысқа ие сорттарды өсіруге мүмкіндік мол. Осы тұрғыда семинарға қатысушылар қажетті ақпараттармен толық қамтылып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына нақты жауаптар берілді.
Жалпы, жетісайлық «Ер-Те Агро» шаруа қожалығы осыдан 2 жыл бұрын Украинаның Одесса қаласынан жүзімнің 9 жаңа түрін сатып алып келіп, 40 гектар аумаққа отырғызған еді. Бұл жүзімдердің бір ерекшелігі – күзді күндері топыраққа көмілмесе де өнім бере алады. Әр гектардан 20 тоннаға дейін өнім алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қожалықта жүзім шаруашылығын дамыту үшін соңғы технологияларды кеңінен қолдану жолға қойылғаны бар. Жүзімге қажетті барлық тіреуіштер мен өзге де керек-жарақтар өздерінде әзірленіп қойған.
Семинар соңында қатысушуы қожалықтардың жүзім алқабтарын аралап көріп, өздеріне қажетті ақпараттарды жинады. Жиынға келген қатысушыларға арнайы сертификат табысталып, өзекті мәселелердің шешімі осылай талқыланды.