Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде жергілікті халық гүлзар салу бойынша мәселе көтерді. Қала басшысы жағдаймен арнайы танысып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің талабын тыңдап, мәселені заң шеңберінде шешетінін жеткізген болатын.
Әл-Фараби ауданы (бұрынғы Дзержинский ауданы) — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік-территориялық бөлініс бірлігі, бес ауданның бірі. Жер аумағы — 143,8 км². Халық саны — 201 573 адам (2023)
Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Аудан территориясында 2 мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық әкімдіктер, Шымкент көне қалажұрты, “Ескі қала”, филармония, А.С.Пушкин атындағы кітапхана, “Қиял әлемі” саябағы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Кең баба” этносаябағы, Әл-Фараби және Ордабасы алаңдары, ОӘД, «MEGA Shymkent» ОСО, 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйі, Қошқар ата өзені жағалауы орналасқан.
Сондай-ақ, ауданда қаладағы алғыз темір жол вокзалы, 20 ұлттық мәдени орталықтары және 15 діни бірлестіктер, 18 өндіріс ошақтары, 30 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар орналасқан.
Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.
Аудан аумағынан Еңбекші мен Әл-Фараби аудандарының шекарасынан бастау алатын Қошқар ата өзені ағып өтеді.
Тұрғындардың тілегін ескерген қала әкімі мәселені өз бақылауына алып, жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлік нысандардың жер телімдері мемлекет мұқтаждығына алынып, көптен бері түйіні тарқамаған мәселеге нүкте қойылды.
Бүгінде Түркістан көшесі мен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында сквердің құрылыс жұмыстары басталды. Демеушілердің есебінен салынатын демалыс аумағы жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.
Қала әкімі құрылыс жұмыстарын бақылап, жауаптыларға гүлзарды сапалы салуды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі