Талапты тест 3 бөлімнен тұрады: сандық, ауызша және тұлғалық болмақ. Сондай-ақ, бағалау қызықты ойын элементтері түрінде өткізіледі екен. Бұл туралы q-contetn.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тесттің негізгі мақсаты — әкімдік қызметкерлерін дамыту үшін олардың мықты жақтары мен қырларын анықтау. Тест аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер hr саласындағы мамандардан тиісті ұсынымдар алады.
«Елбасы Жолдауында атап өткендей, адами ресурстарды дамыту қажет. Әрбір адам өмір бойы дамуы керек, әсіресе, қала әкімшілігінің қызметкері секілді маңызды лауазымда жұмыс істейтін адам. Мен біздің қызметкерлеріміздің ынталы және креативті болуын және олардың жұмыстарының нәтижелі болуын қалаймын», — деді Р. Аюпов.
Еске салсақ, 9-шілде күні қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бір қатар мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді.
Атап айтсақ; — экономика бөліміне қаладағы құрылыс жұмыстарына қаржының қажеттілігін шешу және жұмысын жеделдету масқатында облигациямен және мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде жұмыс жасау жүйесін қарастыру болды.