Еліміздің барлық облысы арыстықтардың жағдайларына көмеккке келуін жалғастырып жатыр. №44856 әскери бөлімнің қоймасында болған жарылыстың салдарынан үйсіз қалған халыққа демеу болу мақсатында, Бас мүфти Серікбай Ораз елді ауызбіршілік пен қайырымдылыққа шақырған еді.
Қолы ашық қазақ халқымыз, ел көлемінде кеңінен өріс алған «Арыс, біз біргеміз!» республикалық науқанына ақтөбеліктер де үн қосып, «Ақтөбе асары» атты топ құрған еді. Қайырымдылық ісіне атсалысуға шақырған «Ақтөбе асарына» өңірдегі мешіттердің дін қызметкерлері мен жамағаты бірауыздан қолдау білдіріп, арыстық бауырларымызға көмек қолын созды. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің еңбек ұжымы бір күндік еңбекақысын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына аударды.
Нәтижесінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің, Ақтөбе қалалық және «Бақытжан», «Әл-Ләтиф» мешіттерінің сондай-ақ, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Хромтау, Темір аудандық мешіттерінің қызметкерлері мен жамағаты қаражат жинап, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысының өкілдігі атынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына» аударды.
Ақтөбе өңіріндегі барша мешіт жамағаты мен қайырымды жандарға Арыс халқына азық-түлік және қаржылай көмек көрсету науқаны әлі де жалғасып жатқанын хабарлаймыз!
Ақшалай қаражатты «Каспий голд» есеп-шотына аударуға болады:
5169 4931 0673 1295. ИИН: 6601 2140 2077.
«Ақтөбе асары» тобының байланыс телефоны:
8 778 178 1475 («Зекет қоры»).