Абай ауданы жастар ресурстық орталығы №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел мақтанышы» тақырыбында түрлі сала мамандарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Жастарға мамандық таңдау мен дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында өткен жиынға Тұран ауданы әкімдігінің маманы Сахов Мадияр, теолог Беккудов Серік, Шымкент қаласы психикалық ауруханасының наркологы Раушан Асановна және Тұран ауданының учаскелік полиция инспекторы Иляс Серікболсын қатысты.
-Біз – Тәуелсіз елдің саналы ұрпағымыз. Кешегі тарих — бүгінгі жастарға үлкен аманат. Себебі, бұл жолда ел мүддесі үшін жасалынған қаншама тер мен еңбек жатыр. Өздеріңізді жат дүниелерден аулақ ұстап, дұрыс білім мен тәрбие алуларыңыз керек, — деді аудан әкімдігінің маманы.
Сондай-ақ спикерлер жиын барысында өздері қызмет атқаратын сала бағыттарында бірқатар ақпараттармен бөлісті.
Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастар. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.
Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есептелінген. Олар әрқашан қоғамдағы оң өзгерістердің алдыңғы қатарында болды. Негізінен, жастар – мемлекеттің стратегиялық қоры. Олар дамудың жасампаздық қуаты мен ұлттық күшін жинақтап, дамыта алады.\
Өткен ғасырларда адамзат ілімінің дамып, ақыл мен ой парасатының жетілуі, оқудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтаған ғұламалардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол өз еңбектерінде еңбек тәрбиесі мен оның теориясын жасаушылардың бірегейі екені мәлім.
Білім мен ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек.