Аудан аумағында биыл 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған дейін 38 көшеге асфальт төселді.
Бұл бағыттағы жұмыстар Жанаталап, Қазығұрт, Құрсай , Айкөл, Агропром, Карл Маркс елдімекендерінде атқарылды. Аталған шағынаудандардағы көшелерге асфальт жабындысы салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Асфальттеу жұмыстары Гагарина, Абай, Үркімбаев, Байтіленов, Қонаев, Алпысбаев, Исмайлов, Қазыбек би, Дулати көшелерінде де атқарылды.
Сонымен қатар, биыл Құрсай елді мекеніндегі 43 көшеге 16,4 шақырым тас төсеу жоспарланған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бүгінгі таңда 42 көшенің шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ Тұран ауданы аппараты тарапынан 22,8 шақырымды құрайтын 58 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды. Сипаттамасы. Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Даңғылдар мен көшелер саны 533 болса, тұрғын үйлер саны 39 883. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады.
Тұран ауданы Шымкенттің батыс бөлігінде орналасады. Қаланың солтүстік-батыс жағынан Жаңаталап шағынауданынан Үргінбай ата мен Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады. Одан әрі Жанкелді көшесінің бойымен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта Жаңаталап тұрғын алабын, «Игілік» тұрғын алабын, солтүстікке қарай Қорғасын-2 шағынауданын айналып өтіп, Шардара көшесінің қиылысына жетеді
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі