Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті. Бұл туралы «Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің» брифинг алаңында айтылды.
2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті.
2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.
2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2024 жылы қаламызда 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен 81 елді мекен толық қамтылған, немесе қамту көрсеткіші 100% құрайды. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның («Ақжар» 110/35/10 кВ, Тұран 10 (РП),) құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болатын.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі