Қоғам белсендісі, Түркістанның төл перзенті, әділ сөйлеп, хақ айтатын Бақытжан Бейсембаевпен әсерлі кездесу кеші өтті. Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы 1961 жылдың 10 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы Tүpкістан ауданы Калинин селосында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 1968 жылдың қыркүйегінде Түркістан ауданы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, аталған мектепті 1978 жылы маусым айында бітірген соң Қарағанды қаласындағы политехникалық институтқа оқуға түсіп, оны 1983 жылдың маусым айында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-құрылысшы бiлiктілiгiн алған.
1983 жылдың тамызы мен қазан айларының аралығында Алматы облысы Іле ауданы Первомайка ауылында орналасқан «Алма-Атасельстрой-6» трестіне қарасты ПМК-612 мекемесінде учаскелік шебер болып істеген.
Сол жылдың қараша айы мен 1985 жылдың мамыр айының аралығында КСРО Урал әскери округінің 63577 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.
1985 жылдың маусымы мен 1986 жылдың cәуіpi аралығында Түркістан ауданының Чапаев атындағы колхозында құрылысшы болып жұмыс icтeген, сөйтіп сол жылдың cәyip айында Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау инспекторы болып тағайындалып, аталған қызметті 1992 жылдың тамыз айына дейін атқарған.
1992 жылдың тамыз айы мен 1993 жылдың тамызы аралығында Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегі бөлімшесінің инспекторы қызметін атқарып, сол жылдың тамыз айы мен 1994 жылдың ақпаны аралығында Түркістан аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік аға инспекторы болған.
Қызмет етe жүpiп, 1992 жылы Қарағанды жоғары милиция мектебіне оқуға түciп, оны 1996 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер біліктілігін алған.
1994 жылдың ақпан айы мен 1997 жылдың шілде aйлары аралығында алдымен Түркістан аудандық iшкi icтep бөлімінің штаб бастығы, сонан соң бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
1997 жылдың шілде айы мен 2004 жылдың мамыр айы аралығында Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының штаб бастығы, онан соң 2006 жылдың ақпан айына дейін сол басқармада кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегi бөлім бастығы болып қызметін атқарып, еңбек өтілінің толуына байланысты зейнеткерлікке шыққан. Ішкі істер органдарындағы жалпы еңбек өтілі 31 жыл, арнайы шенім – полиция подполковнигі.
Жасы жетуіне байланысты әскери міндеттіліктен босатылған
2006 жылдың қарашасы мен 2007 жылдың мамыр айы аралығында Шымкент қаласында «Қарызгерлермен жұмыс бюросы» жауапкершілігі шектеулі cepіктeстігінің инспекторы, 2007 жылдың қазан айы мен 2009 жылдың тамыз айлары аралығында Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінде оқытушы болып жұмыс істеген.
Бүгінгі таңдағы атқарып отырған қоғамдық жұмыстары:
— Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі
— Түркістан облысы әкімінің жанындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі
— Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және Түркістан облысының ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы
— Түркістан облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның мүшесі
— ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі
— ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының мүшесі
— «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің мүшесі.
— Түркістан облыстық «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналғаан мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу жөніндегі комиссия» мүшесі
Марапаттары төмендегідей:
— 2000 жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласының «Жыл адамы» атағы мен қала әкімінің грамотасы және атаулы сағаты;
— 2001 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігінің «Үздік қызметі үшін» төс белгісі;
— 2016 жылдың қазан айында Түркістан қаласы әкімінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі;
— 2017 жылдың 23 маусымында ҚР ІІМ «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалі;
— 2018 жылдың тамыз айында ҚР ІІМ-нің «Құрметті ардагері» медалі;
— 2018 жылдың тамыз айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Түркістан қаласының жеңімпазының сыйлығы мен қала әкімінің Алғыс хаты;
— 2018 жылдың желтоқсан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Түркістан облысының жеңімпазының сыйлығы мен облыс әкімінің Алғыс хаты;
— 2019 жылдың желтоқсан айында «ҚР маслихаттарына 25 жыл» медалі;
— 2020 жылдың тамыз айында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «ҚР Конституциясына 25 жыл» медалі;
— 2020 жылдың қараша айында Түркістан облысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың IX Форумының жүлдегері және облыс әкімінің Алғыс хаты;
— 2020 жылдың желтоқсан айында «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атағының арнайы төсбелгісі;
— 2021 жылдың қараша айында Түркістан облысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың X Форумының жүлдегері және облыс әкімінің Алғыс хаты;
— 2021 жылдың желтоқсан айында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Халық алғысы» медалі;
— 2022 жылдың 23 маусымында ҚР ІІМ «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалі;
— 2022 жылдың 25 тамызында Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасы;
— 2022 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Азаматтық альянсының Құрмет грамотасы;
— 2022 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты;
— 2023 жылдың 23 маусымында Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Департаменттің алғыс хаты;
— 2023 жылдың қазанында ҚР Мәдениет және Ақпарат мигистрінің Алғыс хаты;
— 2023 жылдың қазанында Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
— 2023 жылдың қазанында ҚР Президентінің Құрмет грамотасы.
— Одан басқа Түркістан облысы әкімінің, Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының,Түркістан облыстық полиция департаментінің, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ Ардагерлері кеңесінің, Түркістан облысы және Түркістан қалалық соттарының, қала әкімі мен мәслихатының, Түркістан қалалық полиция басқармасының грамоталары және алғыс хаттары, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің естелік медальдары.
Бақытжан Бейсембаев басқаратын «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымдар арасындағы республикалық «Таңдау» байқауының тұңғыш жеңімпазы және арнайы сыйлык пен дипломның иегері, ҚР Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік сыйлықақы байқауының да жеңімпазы және арнайы дипломы мен ақшалай сыйлықақы иегері.
Отбасылы, жұбайы Жанбибі екеуі үш қыз тәрбиелеп өсірген, олардың әрқайсысының жеке жанұялары бар, алты немересі бар.