Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер бетінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Еңбектен бақытын тапқан осындай жандардың бірі Байжуманова Бибихан Шаймерденқызы. Бибихан Шаймерденқызы 1973 жылы 28 маусым айында Түркістан қаласында дүниеге келген. 1990 жылы А.Байтұрсынов мектебін бітіріп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті түлегі атанып педагогика және бастауыш сынып оқыту әдістемесі мамандығын алып ары қарай Дефектолог мамандығы бойынша Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетін сырттай бітіріп, Түркістан қаласында көмекші мектеп интернатында 1993-2009 жылдар аралығында абройлы қызметін атқарып, 2009-2019 жылдары мүгедек балаларды оңалту орталығында директор орынбасары қызметін атқарды. Қызмет барысында адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай жүріп, өз қызметіне адал жауапкершілікті бола білді. 2019 жылдан бастап №27 мектеп лицейіне ауысып, осы уақытқа дейін осы білім ордасында еңбек етуде. Биылғы оқу жылында мектеп ұжымы бір ауыздан қолдап мектептің кәсіподақ төрайымы етіп сайлады.
Бибихан Шаймерденқызы өз жұмысына адал, өзінің кәсіби біліктілігін артырумен үзбей шұғылданып келеді. Өз қызметіне талапшыл, ұжымда беделді.
Отыз жылға жуық осы салада жемісті еңбек етіп келген жылдары Бибихан Шаймерденқызының еңбек жолында жеткен жетістіктері жетерлік. Ол – Түркістан облысының білім басқармасы облыстық орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген байқауда ІІІ дәрежелі «Жыдың үздік дефектологы» дипломымен марапатталды. Осы жылы «Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» атты әдістемелік құралы жарыққа шығып, оқырман қауымына және дефектолог мамандарына таратылды. 2021 жылы Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы тарапынан «Бала шақтан-болашаққа» тақырыбы аясында өткізілген қалалық семинарда озат тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби шығармашылық қабілетін таныта білгені үшін мақтау қағазымен және 2021 жылы Түркістан қаласында дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі еселі еңбегі үшін Түркістан қалалық мәдинет үйінің директоры тарапынан алғыс хатпен марапатталды. Осы жылы Түркістан қалалық және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің тарапынан ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мадақтамамен және ҚР білім және ғылым министірлігі «ВІ-Жұлдызай» қайырымдылық қоры атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Бибихан Шаймерденқызы білім беру саласында, ұжымда адал еңбекқор, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар. Талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жан. Жинаған тәжірибесі тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайды. Игі істері қашанда оңға басуына, әр қадамы қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройлы.Біліктілігі мен іскерлігін орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесін аянбай қосып келеді.