«Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын 2005 жылы бастаған. Жоба аясында жастар экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау бағытында тер төгіп келеді.
Жасыл ел» – тек тазалықты сақтап қана қоймай, достық ортаны да қалыптастыруға мүмкіндік беретін жоба.
Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды.
«Жасыл ел» атауы әрбір жасқа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның жаңа еңбек маусымы қайта басталды. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді.
«Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан беастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1300 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
– Жалпыұлттық жоба 2005 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды жобаның бірегейі. Бағдарлама құрылған алғашқы жылдары-ақ оң нәтиже беріп келеді. Бұл жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі десем, артық айтқаным емес. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады. Жаңа достар тауып, өздерінен кейінгі іні-қарындастарына үлгі болады, – дейді Шымкент қаласы бойынша координаторларының бірі Қуаныш Нұрлыислам.