Сондай — ақ біз Google, Draper University, StartX, Microsoft және Дүниежүзілік банк сияқты жаһандық серіктестерді тартып, азаматтар үшін ең үздік озық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік бердік», — деді Жаслан Мәдиев.
Nomadic Innovation hub-тың миссиясы – стартаптарға жаһандық бәсекеге қабілетті тұрақты және инновациялық бизнес үлгілерін дамытуға көмектесу. Қазіргі уақытта 1 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестициялық капитал тартылды.
Инновациялық хабтың негізгі мақсатты аймағы – Оңтүстік-Шығыс Азия, сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінде де кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
«Біздің негізгі мақсаттарымызға таңдалған жобаларға терең және жекелендірілген қолдау көрсету, тұрақты бизнес үлгілерін құруға көмектесу және жеке өсу стратегияларын әзірлеу кіреді. Біз сондай — ақ халықаралық нарықтарға шығу кезіндегі кедергілерді еңсеруге назар аударамыз және өңірімізді венчурлік инвесторлар үшін перспективалы алаң ретінде танытуға ұмтыламыз», — деп атап өтті Nomadiq Innovation hub басқарма төрағасы Олжас Жиенқұл.
Сондай-ақ, ЦДИАӨМ және Nomadiq Innovation hub Сингапур аумағында қазақстандық IT-стартаптардың ынтымақтастығы және одан әрі дамуы туралы Меморандумға қол қойды.
Сингапурлық Innovation Hub – біздің шетелдегі үшінші жобамыз. Сингапур инновациялар мен технологиялық даму саласындағы әлемдік көшбасшы саналады.
Сингапурда бизнестің өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасайтын жетекші технологиялық компаниялар, инвестициялық қорлар және белсенді стартаптар қауымдастығы шоғырланған. Тағы екі инновациялық хаб АҚШ-та (Silkroad Innovation Hub) және Сауд Арабиясында орналасқан, Эр-Риядтағы хаб ұлы философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фарабидің атымен аталған.