Ал, енді, бүгінгі негізгі тақырыбымыз, депутаттық мандат иесінің атқарған жұмысы, осы бағыттағы ой-пайымдары туралы көпшілікті хабардар етейік. «Депутат — кім?» дегенде, ең алдымен ойға оралатын тұжырым: «Депутат — халық жанашыры». Ең алдымен, оның адалдығы, елге ашықтығы маңызды. Мемлекетке сілтеме жасамай, қарапайым адамдармен көбірек қарым-қатынас жасап, азаматтардың, елді-мекендердің көкейтесті мәселелерін шешуге белсене араласуы қажет. Сонда ғана ол өз болашағын сеніп тапсырғандарға шын көмектесе алады. Әркім өз дауысын шығара алса болды. Өзінің дауысын көрсете алса болды. Дауыс деген сөз — міндеттемені орындады деген сөз. Депутаттың дауысы шықты деген сөз, ол халықтың алдында, халық сенімін ақтады деген сөз. Сонда ол өз платформасында қандай мәселелерді алға тартты? Облыстың сайлауалды платформасын толық қорғауға қызметке енді кіріскен Алтынсары Үмбеталиев екеуміз апардық. Жайлы мектебі бар, жолдары бар, соның бәрін тиянақтап айтып қорғап шыққан. Қазір соның бәрі орындалып жатыр. Сайлауалды бағдарламаның орындалуынан кейін қалып келе жатқан жоқпыз. Депутатқа, біріншіден, білім керек. Екіншіден, тәжірибе керек. Үшіншіден, мінез керек. Үшеуі де керек. Төртіншіден, шешендік керек. Кейбіреулер істеген тірлігін көзге көрсете алмайды, сөзбен жеткізе алмайды. Мен де бұрын сондай едім. Өзім тірлік істеп, айтпай жүре беретінмін. Жұрт біледі деп. Сөйтсем, олай емес екен. Сенің ақ тер, көк тер болып атқарған жұмысыңды өзге біреудің иемденіп, айта салатынын да көріп жүрміз. Қағаз ғана әділ сөйлейді. Депутат болып менің істеген ісім көрінді. Бұрын білінбейтін. Осы тірліктерді депутат болмай-ақ та осыларға жеткізіп істеп жүрген адам едім. Қоғамды біріктіруде рөлім өте жақсы болды. Бизнесмен болдым. Базаның директоры да болып қызмет істедім. Бірақ, менің жолым осы екен. Негізінде, мен қай өнерді де білуге ұмтылып тұрамын. Бұл бала кезімнен қалыптасқан қасиет. Тігінді де жақсы көремін. Яғни, киімнің дизайнын айта аламын. Эксклюзив киімдерді жақсы көремін. Ұлттық нақышта тігілген ешкімде жоқ киімдерді жақсы көремін. Суреттерін көзіммен жеткізіп саламын. Қызым бар кезде ол салатын. Сонан соң тігетін. Біздің отбасының кіріс көзі сол еді. Ұлттық бір кәсіп. Әйелдің кәсібі. Қазақ қыздары соны үйренсе деймін. Мен көп елде болдым. Әсіресе, Қытайдағы өнер мектебі маған ұнайды. Кез келген қыз инені түрте білу керек. Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық сөз бар. Тіпті болмағанда, ең жұмыс жоқ дегенде тігінші болу керек. Далада қалмайсыз. Мен гректермен жұмыс істедім. Солар айтады: «Сауданың институтын бітіріп, ақымақсыз ба? Кез келген шетелдік, әрбір екінші адам саудагер, сатушы. Оқыған да, оқымаған да. Оны оқудың керегі жоқ. Ақша болса, тілін білесің. Ақша ақшаны шақырады. Кете береді» — дейді. Ал, мына қызмет ету саласы ешқашан өшпейді екен. Шаштараз, киім тігу, дәрігерлік, ине егу сияқты ұсақ, майда болса да, ешқашан өшпейді. Оны халық қашанда қажет етіп отырады. Яғни, тұрмыстық қызмет барлық уақытта керек. Олардың құны ешқашан түспейді. Соған біз баулуымыз керек. Соған біз кәсіптік бағдар беруіміз керек. Біз кәсіптік бағдар бере алмаймыз. Баяғыдағы агроном, ветеринар,зоотехник мамандықтарымыз қайда? Бұрын ең төмен оқитындардың өзі СПТУ-ді бітіріп, әртүрлі мамандық алып шығатын. Техниканың тілін білетін. Одан ешкім жаман болған жоқ. Олар деген озды ғой ең соңында. Техниканың тілін білген адам далада қалмайды. «Өнерді үйрен де жирен» — деген осы. Өте жақсы айтылған. Мысалы, жүн, терілерді өңдейтін орындар болса, қандай тамаша болар еді.
Қоғамда жүргесін осындай мәселенің бәрі толғандырады. Жеке өз басым, Парламенттегі, Мәжіліс, Мәслихаттардағы әйелдер рөлі ер-азаматтармен тең деп ойлаймын. Бірақ, бәрібір, біздің қазақи ұғымымыз бойынша ер-азаматтар әйелдерден бір иық биік. Бәрібір ер-азаматтың рөлі үйде де, түзде де жоғары тұру керек. Бала күнімізде әкеміз келмей, дастарханға отырмайтынбыз. Сол арқылы әкеміздің қадірін білетінбіз. Отбасында отағасының қадірі болуы керек. Европаға қаншалықты еліктесек те, біздің қазақи менталитетіміз сақталу керек. Бізді өзгеден өзгертіп тұрған осы әдет-ғұрпымыз, ұлттық болмысымыз. Бір сөзбен айтқанда, елдің елдігін, халықтың халықтығын сақтап қалатын қандай іс болса, соның басы-қасында жанашырлық танытатын біз болуымыз керек» — деп сыр бөлісті Қалыйма Жантөреева. Халқын жан-жүрегімен сүйетін батыл қыз елді есеңгіреткен «Қаңтар оқиғасы» кезінде үйінде шыдап отыра алмай, түннің ішінде бейбіт шеруге шыққан Кентау қаласының тұрғындары алдында сөз сөйлеп, халықты сабырға шақырған жалғыз депутат. Кентау қаласының «ТЭЦ» жылу орталығына қаржы бөлдіріп, сақтап қалған да осы қайсар жан! Еліміздің басына күн туған су тасқыны кезінде Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы зардап шеккен ағайындарға өз отбасының атынан сегіз миллион теңгеге тұрмысқа қажетті заттар апарып, үлестіріп, ізгі ниетін білдірген. Қайырымдылық қанына біткен бе, өзім дегенге өзегін суырып беретін отбасындағы тәрбие ме, қашанда адамдарға қамқорлық жасағысы келіп тұрады. Кентау қаласындағы көпбалалы отыз отбасыға мектеп формасы мен оқу құралдарын, мүгедектерге бес қол арбасын, Кентау қаласындағы Оқушылар үйіне құны үш миллион жеті жүз мың теңгелік елу ұлттық киім, Кентау қалалық Мәдениет үйіне құны бес миллион теңгелік ұлттық киім, Отырар аудандық Мәдениет үйіне құны бес миллион екі жүз мың теңгелік құндыз жағалы ұлттық киімді өз отбасының атынан табыстады. Тағы басқа да партиялық акция аясында өткен қамқорлық шараларына белсене араласады. Қалай болғанда да, көмекке мұқтаж жанға көмек қолын созу табиғатына тән. Сондықтан да болар, «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында арнайы депутаттар жұмысының аналитикалық талдауы бойынша рейтингіде республикалық үздіктер қатарында Түркістан облысы депутаттарының арасынан «Ең үздік депутат» рейтингісіне ие болды. Ал, ең үздік баға – өзін таңдаған сайлаушыларының кездесулерде беріп жатқан ақ баталары мен ақжарма тілектері, жүздерінен төгіліп тұратын сүйіспеншіліктері.