Бүгін — Көлік қызметкерлері күні. Көптеген салалардың жұмысының нәтижелі болуы, әрине, көлік қызметімен тікелей байланысы. Сондай саланың бірі жедел жәрдем қызметі дер едік.
Жедел жәрдемге жүгенген науқастың жай-күйіне дәрігермен бірдей алаңдайтын — көлік жүргізушілер. Олар белгілен жерге уақыттан кешіктірмей апаруы тиіс.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Сіздерге және Жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге жаңа табыстар, сондай-ақ жолда және ауада сәттілік тілейміз!
Үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты, бастысы жылдамдықты, біліктілікті талап ететін бұл сала қызметкерлерін «жүректі жандар» деп білеміз. Қанды қақтығыста да, ажалмен арпалысқа түсіп жатқан сәтке де, баз біреудің қисынды қисынсыз мінезіне де, ауыр айтылған сөз бен пікірге де, жүкті әйелдердің өміріне де, кіп кішкентай нәрестелер мен балалардың ыңылдауына да төтеп беретін нағыз батылдыққа ие жандар.
Еңбегі еленген мамандардың тынымсыз тіршілігін көріп, 2015 жылдан бері жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында жүргізуші болып жұмыс атқаратын Сұлтанбек Орынбасаровтың бұл саладағы жолын ұсынбақпыз.
Түркістан облысы, Отырар ауданында 1976 жылы, 29 қазанда дүниеге келген. Жастайынан тынымсыз еңбекпен айналысқан ол, жұмыс таңдамайтынмын дейді.
-1995 – 2015 жылдар аралығында әр түрлі жұмысшы қызметтерін атқардым. 2015 жылдан бері жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында жүргізуші болдым. Өзі хәл үстінде жатқан науқас, кейде мекен-жайды дұрыс жеткізе алмайтын жағдай болады. Ондайда қырағылық танытып, әртүрлі әдістермен сол орынды тауып барамыз. Бұл жұмыста көпшіліктің батасымен, тілегімен жүреміз. Алғысына бөленеміз,-дейді Сұлтанбек Төреханұлы.