«Ырыс» микроқаржы ұйымы жыл басында, Шардара ауданының 9 ауылдық округінде орналасқан 210 шаруала қожалыққа 489 350 000 теңгенің несиесін таратты. Шаруа қожалықтар несиені келісім-шарт бойынша қыркүйек-қазан айларында толық қайтармақ.
Жалпы, Шардара ауданы бойынша билығы жылы «Ырыс» МҚҰ» «Көктемгі дала жұмыстары» бағдарламасы бойынша 7057,60 гектар жерге егін егілген. Бұл ауданның жергілікті мамандары да «Ырыс» мекемесімен арнайы он айға келісім-шартпен жұмысқа тұрғызылады. Қаржылардың мақсатты жұмсалуы Шардара аудандық бөлімнің мамандарына жүктелген. Жергілікті мамандар несиенің мақсатты жұмсалуын жыл соңына дейін қадағалап отырады.
«Балтабай» шаруа қожалығының төрайымы Дүйсенкүл Серкебай 20 гектар егістік жеріне, «Ырыс» МҚҰ» алған 2,4 млн. теңгеге мақта еккен. Үш жыл қатарынан несие алып келе жатқан «Балтабай» ШҚ-ғы: 2017ж. – 60 пұт, 2018 ж. – 62 пұт өнім алған. Биылғы жылы да Дүйсенкүл егінішмізді мақтаның молдылығы қуантып отыр. Жерлердің құнарлығы мен берекелділігінің арқасында дейді.
Шардара ауданы бойынша несие алып отырған 210 шаруа қожалық, науқан кезінде мыңнан астам жергілікті ауыл адамдарын жұмыспен қамтуға мүмкіндіктері бар.
«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі «Көктемгі дала жұмыстары» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау бойынша өзгерістер еңгізді. Енді меке мен шаруалар үш жылға дейін келісім-шартқа тұрмақ. Ары қарай тек қосымша құжаттармен жұмыстар жүргізіліп отырмақ. Ауданның экономикалық дамуына, шаруалардың әлеуметтік тұрмысының артуына және уақытты тиімді пайдалануда қосар үлесі зор болмақ.