«Жастар жылы» аясында ҚР Сенаторлары Шымкент қаласының жастарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды q-content ақпараттық порталы. Кездесу «Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасында» ұйымдастырылды. Басқосуда шымкенттік жастар Сенаторлармен көкейде толғандырған мәселер жөнінде пікір алмасып, сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Жастардың сұрағының басым бөлігі жастар саясаты, әлеуметтік көмек, ішкі туризм және жолаушылар тасымалы жөнінде болды.
Сенаттың VI шақырылымдағы құрамы шілде айында демалысқа шығып, аймақтағы жергіліктегі халықпен кездесу жоспарланған. Шымкенттен сайланған депутаттар Сенатта қаралып, қабылданып жатқан заңнамаларды сөз етті. ҚР Сенатының ішінде 6 комитет бар болса,Нұрлан Құдиярұлы — Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінде, ал Айгүл Жарылқасынқызы — Әлеуметтік сала комитетінде қызмет ат Жастардың сұрағының басым бөлігі жастар саясаты, әлеуметтік көмек, ішкі туризм және жолаушылар тасымалы жөнінде айтылды.
Бір жылдың ішінде Мәжіліс мақұлдаған 83 заң қаралып, оның 82-сі Мемлекет басшысының жарлығымен қабылданды. Зерделеуді қажет ететін кей заңдарды Мәжіліске коллегиялы түрде шешім қабылдап, кері қайтарамыз. Арасында көше бойындағы жарнамалар, әуе тасымалдаушы компаниялардың қызмет көрсетуі, әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты мәселелер дау тудырды, — деді Н. Бекназаров.
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты Айгүл Жарылқасынқызы жауап берді. — АӘК-ке байланысты «бәрібір бермейді» деген сияқты пессимистік көзқарастан арылу керек. Ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарап тағайындау әлемдік тәжірибе бойынша зерттеліп, қабылданған. АӘК сіз қиналғанда демеп жіберу үшін беріледі. Оны өмір бойына беріледі деп ойламау керек, — деді А. Қапбарова.
«Еріктілер» лигасының жастары еріктілерге қандай мемлекеттік қолдау болатынын сұрады. Халық қалаулылары зайырлы мемлекет ретінде Заңмен бекітетін мәселенің біразын талқыға салды.
Кездесу өте керемет өтті. Шынайылық пен қарапайымдылықтың эталоны Айгүл Қапбарова жастармен ашық сөйлесе алды. Жақында ғана сенаторлық қызметін атқара бастаған Айгүл Қапбароваға жұмысына сәттілік тілейміз! Елінің болашағын ойлайтын жастарды тәрбиелеуде шаршамасын дейміз.
(фото С.Косаев)