Әкімдік басшылығы өз қызметкерлері үшін жұмыста командалық тәсілді дамыту және жалпы мақсаттарды орындау үшін коммуникацияларды жетілдіру бойынша Форсайт сессия өткізді.
Форсайт — бұл командалық жұмыстың инновациялық форматы, мұнда қатысушылар болашақтың бейнесін бірлесіп модельдейді және өз қызметін қажетті өзгерістерді алу және болашақта жағымсыз трендтерді азайту үшін жобалайды. Бұл қала әкімшілігі қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруға, бастамашыл болуға және бір-біріне көмектесуге мүмкіндік береді.
Әкімдік қызметкерлерінің құзыреттілігін дамыту диагностикасын және Форсайт сессиясын өткізу үшін HubRepeople компаниясы («Талант жаңғыру» ЖШС) мен HR менеджерлер республикалық қауымдастығының Оңтүстік филиалы тартылды.
Форсайт сессиясының интерактивті және ойын тәсілдерінің нәтижесінде қатысушылар командадағы жұмыстың маңыздылығын сезініп, тиімді коммуникация принциптерін және өздерін кәсіпқой ретінде одан әрі дамыту қажеттігін талқылады (өз дамуы бойынша іс-қимыл жоспарын әзірледі).
Қатысушылар оң өзгерістерге ашық әрі дайын, сондай-ақ сындарлы сәттерге тегеурінді екендіктерін көрсетті.