1992-ші жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні — қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады.
Содан бері жыл сайын біздің елімізде «18 қазан — Рухани келісім күні» мерекесі аталып өтуде.
Осыған орай, 2024 жылғы 17 қазан күні Шымкент қаласының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде “Күрең тұлпар”қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қажымұқан» стадионында «Аламан» спорт кешенінде Шымкент қаласының діни конфессиялардың басшылары мен өкілдері қатысуымен мәдени-спорт ойындарынан (мини-футбол, шахматы, үстел теннисі) турнир өткізілді. Аталған спорт турнирге 9 команда қатысты. Оның ішінде, православ, католик, пресветериан, елуіншілер, бахаи және т.б. діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Мәдени-спорт турнирінің ашылу және жабылу рәсіміне бірқатар қаланың басшылары қатысты. Атап айтқанда: Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б. Әлтеев, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Дарменов, Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Б. Унербаев, Шымкент қаласының Бас имамы Б. Абдрахманов.
Атап шыққан басшылар және діни бірлестіктердің өкілдері «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен бір-бірін құттықтап, атқарылған жұмыстарға алғыс айта отырып, Шымкент қаласының одан әрі дамуы үшін діннің ағартушылық рөлін нығайту, конфессиялар арасында үйлесімділік, келісім орнату, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бойынша бұдан әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге шақырды.
Соңында жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды!