Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік басқару ісін тиімді ету және халықпен байланыс сапасын арттыру туралы маңызды мәселелерді көтерді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті, және осы уақыт ішінде билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі, пікір білдірудің тиімді тетіктері және диалог алаңдарының пайда болуы — мемлекеттің ашықтыққа және халықтың талап-тілегін ескеруге бағытталған үлкен қадамдары.
Бұл тұжырымдама енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынасында жаңа мінез-құлық моделін қалыптастырды. Қызметшілер енді проактивті, жауапкершілікпен және ашықтықпен жұмыс істейді, бұл халықтың талаптарын тыңдауға және оларды тиімді шешуге бағытталған. Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы диалогтың қалыптасуы әкімшілік процестерді жетілдіруге және халықтың үніне құлақ асатын мемлекет ретінде дамуға мүмкіндік берді.
Алайда, Президенттің айтуынша, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыру үшін адалдық, әділдік және заң аясында әрекет ету принциптері басшылыққа алынуы керек. Берілген уәделер мен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік маңызды. Бұл қоғамдық сенімнің артуына және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демократиялық қоғамда популизм мәселесіне де тоқталды. Кейбір популистік тұлғалар қоғамдағы бастамаларды өз пайдасына бұрып, шын мәнінде мән-жайды білмей, мәселелерді тым асыра сілтеп көрсетеді. Бұл демократия қағидаларына сәйкес келмейтін әрекеттер. Популистік тәсілдер халықтың қажеттіліктерін шынайы түрде шешуге емес, тек саяси ұпай жинауға бағытталғандықтан, олар елдің ұзақ мерзімді дамуына кері әсер етеді.
Бұл әрине, Мемлекет басшысы популизмнің әсерін азайтып, азаматтармен конструктивті диалогты нығайту керектігін атап өтті. Мемлекеттік басқаруда ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау популистік пікірлердің қоғамдық процестерге әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өтініштерімен жұмыс істеуді жақсарту үшін біртұтас экожүйенің қалыптаса бастағанын айтты. Бұл жүйе мемлекеттік органдарға халықтың нақты қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Өтініштерді жүйелі түрде талдау арқылы мемлекеттік органдар өз қызметін жетілдіріп, қоғамның талаптарына жедел әрі тиімді жауап бере алады.