Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан — жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт — олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Осы тұрғыда, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор психологының ұйымдастыруымен «Сыр самалы» сауықтыру лагерінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және қимыл белсенділігін арттыру, өз қабілеттерін, белсенділігін танытып, жеке тұлғаның қасиеттері мен дарындылығының дамуына, дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету мақсатында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Шара барысында түрлі бағытта өткізілген тренингте балалар белсенділік танытып, «Мимика», «Батыл жүрек», «Досыма сыйлық», «Ойлан тап» сынды ойындарға қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен балаларға арнайы дипломдар және ынталандыру сыйылқтары табысталып, мәз-мейрам болды.