Арыс қаласындағы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған білім ұясы 964 оқушыға арналған. 5-ші секторға қарайтын мектепте 60 құрылысшы күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Қазір мұнда сырлау, бояу, жуып, тазалау шаралары жүргізілуде. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Құлагер» корпорациясы жүрзізуде. Ал тапсырыс беруші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Мұндағы құрылыс жұмыстары маусым айының 28 күні басталса, енді бірер күнде толығымен аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Арыс қаласындағы 1-ші секторда құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты. Аталған секторда жарылыстан зардап шеккен үйлердің жалпы саны 466 болса, бүгінде соның 245-інде құрылыс құрылыс жұмыстары аяқталуда. Ал жалы алғанда 410 нысан күрделі жөндеуден өтетін болса, 56 үй басынан салынып жатыр. Мұндағы құрылыс жұмыстарына 13 мердігер мекеменің 975 жұмысшы жұмылдырылған. Құрылысқа қажетті материалдар толық жеткілікті.