Республика аумағында полиция өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау акциясы» өтті. Акция 16 — 17 тамыз күндері Келес ауданы аумағында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлерімен Абай ауылының орталық көшесі бойында тұрғындармен ашық сұқбат өтті. Бұл шараның мақсаты — азаматтарымыздың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауатталығын арттыру болып табылады. Шара аясында тұрғындар өздеріне қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Шара аясында жалпы 47 азамат өз сұрақтарын қойып, ұсыныс тілектерін білдірді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың дені жүргізуші куәлігін қалай алуды, автокөлікті өз атына тіркеу сондай-ақ ішкі істер құрамына қалай жұмысқа тұру мен бейнекамералар орнату бойынша ұсыныстарын айтты.