Қазығұрт ауданы Қызылсеңгір ауылының ірге тасы қаланғанына 30 жыл толыпты. «Ауылым алтын бесігім» аясында ұймдастырылған іс шараға Батыс Қазақстан, Астана, Алматыдан келген қонақтарда бой көрсетті. Арнайы ата-бабаларына арналып ас беріліп, ҚМДБ-ның Түркістан облысындағы өкілі, имамы Мұсабекқажы Ақтанберді құран бағыштады. Қызылсеңгірлік қандастарымыз Тәжікстан республикасынан 1989 жылы Қорған төбе облысынан елге оралыпты. 1989 жылы кезінде Ленин ауданын басқарып тұрған Ильясов Молдабай ақсақал ұйытқа болған көрінеді. Алдымен бес шаңырақ көшіп келіп бүгінде 300 қандастарымыз түтін түтетуде дейді алғашқы елге оралған Ғайыпназар ақсақалы.
Қазығұрт ауданының орталық спорт алаңында дүбірлі дода облыс көлеміндегі орталық мешіт қала, аудан жастары мешіттерінің жамағаты жиналды. Аудан жастарынан құралған командалармен бірге мешіттің жамағаты имамдар 20 командалар кіші футболдан сынға түсті. Аталмыш шара «Дін және дәстүр» бағдарламасының аясында ұйымдастырылады Оның басты мақсаты – қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін елге танытып, дәріптеу, халқымыздың патриотизмін, бірлігі мен ынтымақтастығын насихаттау. Барлық өнер көрсеткен спорт сүйер жеңімпаз топтарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Түркістан облысындағы өкілі, имамы Мұсабекқажы Ақтамберді қатысып спортшыларға жеңіс тұғырынан көрінуіне тілек білдірді.