Бүгін, «Нұр Отан» партиясының Түлкібас ауданындық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы жұмыс жоспарына сәйкес, аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан білім, жол және жалақы мәселелері бойынша бірқатар өтініштер айтылды. Хаким Дүйсешұлы тұрғындар тарапынан айтылғын өтініштердін барлығы хаттама енгізіліп, әр өтініш жеке-жеке қаралатындығын жеткізді.
Жақында ғана киелі Түркістан облысына басшы болып тағайындалған Хаким Дүйсешұлы алдағы уақытта облыс аумағындағы әр ауданның халқымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізетіндігін айтып, жеке қабылдауға келген аудан тұрғындарына сәттілік тіледі.