Апаттың астында қалған Арыс бұзылған және зақым келген ғимараттарын жаппай қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Ал жаңа құрылыстарға байланысты қаладағы жер кадастры және жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерге тұрғындар тарапынан сұраныс өсіп отыр.
Қалада қызметтерді тиімді үйлестіру үшін Арыс қалалық бөлімшесіне Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысының аудандық бөлімдерінен 25 қызметкер көмекке келіп отыр.
Корпорацияның баспасөз қызметінің мәліметінеше, шілде айынан бері корпорация өз есебінен ақысыз негізде 858 техникалық төлқұжат, 3328 меншік иесі туралы мәлімет, 476 жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп, жылжымайтын мүлік дерекқорындағы қателерді түзету жұмысы бойынша 799 тұрғынға қызмет көрсеткен. Ал жалпы есепті мерзімде (24 маусым – 12 тамыз) қалалық бөлімдегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 мыңға жеткен екен.