«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында киелі мекендерді қадірлеп, таза ұстау мақсатында, сан ғасырлық тарихы бар Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысқақ ата» кесенесі аумағында кәсіпкерлік бөлімі, ауыл әкімшілігі және «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен бірлесіп сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікте «Ысқақ ата» кесенесі аумағында толық шөптері шабылып, ағаштары бұталып, әктеу жұмыстары жүргізілді.
Тұрбат діни сәулет комплексі, XIII-XIX ғасырлар Ысхақ Ата Түрбесі. Оңтүстік Қазақстан облысынын, Казығұрт районында орналасқан. Ысхақ Ата түрбесі — XVI ғасырдың соңы менен XVII басының ескерткіші болып табылады. Тендесі жоқ түрбе, жобалап қарағанда, тік төртбұрыш пішініндегі ішкі көлеміне ие (8,2х8,5 м), тік төртбұрыш үстіне, ішінен 3 бүйірінен үш бос қуыс қалдырылған (батыс, шығыс және солтүстік бүиірлерінен) сегіз қырлы шеңбер орнатылған, ал бұл сегіз- қырлы шеңбер үстінен күмбез жабылған. Атаулы ғимарат Оңтүстік Қазақстанның өзіндік, тендесі жоқ ескерткіштердің біреуі болып табылады , ғимараттың ішкі көлемінің сәулеттік шешімі өзіндік. Бұл ескерткіш, мемлекеттік маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштері тізіміне енгізілген.