Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Лесбек Тәшімов осыған қатысты ұйғарымға келді. «Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңның 11-бабына сәйкес, Арыс қаласы және Ордабасы ауданы әкімдіктерінің және мәслихатының ұсынысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі қаулы етеді және Түркістан облыстық мәслихаты шешім қабылдады», – делінген тиісті шешім жобасында.
Құжатқа сәйкес, біріншіден, жер алмасу жүреді: Арыс қаласының Ақдала ауылдық округінен 500 гектар жер Ордабасы ауданының шекарасына қосылады. Соған орай Ордабасы ауданының 500 гектар жері, яғни Бөржар ауылдық округі Арыс қаласының шекарасына енеді. Сәйкесінше Арыс қаласының және Ордабасы ауданының әкімшілік шекаралары өзгереді.
Екіншіден, Қожатоғай ауылдық округіде 491 гектар жерімен бірге Арыс қаласының әкімшілік ауанына кіреді. Бұған дейін ол Арыс қаласына қарағанмен, жеке ауыл болған.
Осы өзгерістер Қожатоғайдың ахуалын жақсартса, жақсы. Өйткені Арыс қаласының орнына мүлдем жаңа шаһар салынуда.
Ал ақпарат құралдары назарынан тыс қалып келе жатқан Қожатоғай ауылы тұрғындарының жағдайы көбірек көңіл бөлуді қажет етеді. Мәселен ауылда құдықтар көміліп қалған, жұртшылық біраз жылдан бері оларды тазалауға жәрдем беруді сұрап келеді. Кезінде «БуроводСтрой» ЖШС-ның директоры Қ.Ортаев құдықты тазалау жолдарын қарастырған, бірақ ол үшін әр құдықтың техникалық жағдайын зерттеп анықтау керек болған. Егер құдық суы кем болып, жаңадан құдық қазу қажеттілігі туындаса, құдықтың әр 1 метр тереңдігін иесі 30 мың теңге берсе, кәсіпорын қазуға келіседі. Алайда ауыл тұрғындарында мұндай ақша жоқ.
Жалпы, бұл ауылдың жете мән берсе, болашағы мол. Онда бес мектеп бар көрінеді. Қазіргі кезде Арыс қаласына қарайтын ауылдар қатарына тек алтауы – Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Қожатоғай, Монтайтас ауылдары жатады.