Қазығұрт, С.Рақымов ауыл әкімшілгінің ғимараттары мен Шарбұлақ, Сарапхана ауылдық мәдениет үйлерінде қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік және кәсіпкерлікке баулу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Алтынтөбе ауылдық клубында қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық бала шақтан» атты тақырыпта жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Қазығұрт ауданының белсенділері теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікке орналасқан шыңға «ЖАСТАР ШЫҢЫ» атауын берді. Арнайы белгі ретінде тас орнатты. «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Сайрам – Өгем» ұлттық мемлекеттік паркіне қарасты Өгем тауына саяхат ұйымдастырды. Бұл Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен «Жастар жылына» орай қолға алынған игі бастама.