Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінде » Біз жастар жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу .
Сонымен бірге Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, Елбасымыздың тарихын кеңінен насихаттау мақсатында жастарға «Балалық шағымның аспаны» атты кино көрсетілді. Айтулы іс-шарада жастар кино арқылы Елбасымыздың ерлігі мен Қазақ елі үшін жасаған жұмыстарына куә болды.
Және де «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ Келес аудандық өкілдігі қызмет түрлерімен таныстыру және Мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме, қарапайым заттар экономикасы туралы жиын өтті.