Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Open Kazakhstan» ЖШС-нің ұйымдастырған Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген 6 күндік «Тарихы терең Түркістан» өлкетану ақпараттық туры ұйымдастырылды. Республикалық және облыстық маңызы бар 40 жуық тарихи, киелі орындарды қатысушылар көріп қайтты. Турдың соңында ұйымдастырушылар бірлігі жарасқан топпен көңілді де мағыналы, танымды өткізген уақыттары үшін марапаттар, тосын сыйлар жасады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!
6 күнде көрген нысандар:
1. Шәммет ишан мешіт-медіресесі
2. Мыңжылдық тұт ағашы
3. Үкаша ата кесенесі, құдығы
4. Жылаған ата бұлағы мен үңгірі
5. Сауран қалашығы
6. Есім хан кесенесі
7. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени кешені (Қ.А.Ясауи кесенесі, Рабиә-бегім кесенесі, Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек, Қаз Дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жерленген жері)
8. Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы
9. Әлқожа ата кесенесі
10. Гауһар ана кесенесі
11. Арыстан баб кесенесі
12. Отырар қалашығы
13 Қажымұқан Мұңайтпасов мазары
14. Ишанбазар (Аққойлы) мешіті
15. Бірлік — Ордабасы мемориалды кешені
16. Ысқақ ата сәулет кешегі
17. Ысмайыл ата сәулет кешені
18. Атбұлақ елді мекені (Орда қонған)
19. Қазығұрт тау кешені («Кемеқалған» монументі, Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен)
20. Көз ата әулие бұлағы
21. Сайрам (Исфиджаб) қалашығы
22. Ибраһим ата кесенесі
23. Қарашаш ана кесенесі
24. Әбдел-Әзіз баб, Мірәлі баб, Салих қожа кесенелері және Қызыр мұнарасы
25. Мәртөбе кешені
26. Бәйдібек би кесенесі
27. Қос Ана мемориалдық кешені Х ғ.
28. Аппақ Ишан мешіті
29. Ысқақ баб кесенесі, медіресе, Бабаата қалашығы
30. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі
31. Бибі Мәриям кесенесі
32. Қарабура кесенесі
33. Созақ қалашығы
34. Құлақ ата (XYI ғ.) кесенесі
35. Мамет Халфе (XYI-XIX ғғ.) кесенесі
36. Қазаншы, Әжі ата кесенесі (ХІХ ғ.)
37. Хақназар хан кесенесі
38. Ноғай ишан мешіті ХІХ ғ
39. Ақмешіт үңгірі
40.Домалақ ана кесенесі