АДАМҒА БЕРІЛГЕН ПОТЕНЦИАЛ – ӨТЕ ОРАСАН!

Ник Ньюэлл – 29 жаста. Ережесіз жекпе-жекте 12-і мүшесі сау мықты жігіттерді жеңіп жүр. Бала кезден «UFC»-де төбелесуді көздеген жас жігіт, көздеген арманына жақындап келеді.

Ньюэлл, 24 тамызда әлемдік деңгейі жоғары спортшыларды жинаған «Bellator»-дағы алғашқы төбелесінде жеңіске жетті. Статистикасы: 18 кездесу өткізіп, 16 жеңіс, 2 жеңіліс. Өте жақсы көрсеткіш. Ньэллге жеңіліп жүргендердің арасында мықтылар көп болған. Хабиб, Макгрегор, Фергюсон сынды мықтылардың салмағында UFC-де төбелесіп жүрген Дастин Гэтжимен (рейтингте 5-ші орында) терезесі-тең төбелескен. Бір қолы жоқ Ньюэлл әлемдік рейтингте жоғарыда тұрғандарды осылай мойындатып жүр. Ник Ньюэлл қарсыластарының басым көпшілігін қылқындыру тәсілімен жеңген екен.

Ник Ньюэлл – тумасынан бір қолына ампутация жасалған. 2009 жылдан бері ережесіз жекпе-жекке шығып жүр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған