Шымкент қаласының әкімдігі мен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өткенге құрмет – елге құрмет» атты зираттарды тазалау мен абаттандыру шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Шымкент қаласында орналасқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдіктері, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары мен студенттері, мешіт қызметкерлері, қала тұрғындары т.б. азаматтар қатысты.
Дәстүрлі түрде өткізілетін тазалық шарасы аясында зират орындарының сыртқы және ішкі тазалықтары, келуші жамағатқа зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіру, т.б. мәселелері қозғалды.
Ұйымдастырылған тазалық шарасына қалалық «Югдосервиз», «ЛТД-тұрмыс» ЖШС сынды тазалық мекемелерінің тарапынан жүк көліктері т.б. техникалар жұмылдырылды.
Айта кету керек, ұйымдастырылған шара барысында Шымкент қаласы аумағындағы 36 зиратта сенбілік өтті.