Регбистердің қарсыластарды қорқытуға арнаған билері қазіргі заманда күлкілі көрінеді. Қара күшті қажет ететін регби-футбол ойыны ХІХ ғасырдың басында Ағылшын елінін шыққан. Қақтығысқа тола регбидің түрелері де көп: америкалық, автсралиялық, регбилиг және регби-7.

Хака – жаңазеландиялық маорилердің (тұрғылықты халық) биі болып саналады. Аяқпен жерді теуіп, қолмен тізе, көкректі ұрып, айқайға салып билейді. «Хака» сөзінің тікелей аудармасы – көпшілік биі.

Хака биін билегенде ерлер, әйелдер және кішкентайларға арналған билер болып бөлінеді. Әйелдер хакасында тілді шығару жоқ екен. Хаканың арасында бір адам түрлі сөздер айтады, қалғаны қайырмасында қосылып тұрады.

Хаканың шығу тарихы туралы түрлі деректер бар. Бір тарихи деректерде, Каэ есімді жігітті іздеген әйелдер хака биін билеп жүрген. Бұған себеп, Каэ тайпа көсемінің китін өлтірген батыр жігіт екен. Каэның тісі қисық болған. Көпшіліктің арасынан оны танып қою үшін әйелдер хака биін билеп, жиналғандарды күлдіріп, Каэні тісінен біліп қойған деседі.

Жаңазеландиялық маорилер көңіл күйді көтеру үшін кешкі оттың қасында хаканы билеген. Кейіннен жауангерлері келген қонақты қарсы алғанда осы биді билейтін болған. Бидің басы соғысқа дайын тайпаның келбетін көрсетеді. 1769 жылы Джеймс Кукты қаруланған тайпа сарбаздары осы бимен қарсы алған екен.

ХХІ ғасырдың басында Жаңа Зеландияның қарулы күштері хака биін билей бастаған. Бұға дейін регби ойыншылары хаканы ойынның басында билеп жүрген.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.