Жұмыс сапарымен келген
Штаб мүшелері ең алдымен қала активімен кездесті.
Жиынға қала әкімі М.Әйтенов, республикалық үгіт-насихат штабының басшысы Ы.Тұрсынзада, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы С.Мәжінбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.
Кездесуде Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюға болатындығы айтылды.