Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз брифингте Туризм басқармасы басшысының м.а Қалқабаев Азамат Мұратбекұлы мәлімдеді.
«Мәдени астана» шеңберінде келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші туристерге ақпараттық және консультациялық көмек көрсету мақсатында 20 наурызға дейін қалада 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылатын болады.
Туристерге ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін туристік нысандарға 3 тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде QR-төлқұжаттар орналастырылуда.
Бүгінгі күні 20 нысанға төлқұжаттар қойылып қойса, наурыз айының 20-на дейін қосымша 10 нысанға орналастырылатын болады.
Аталған QR-төлқұжаттарға арнайы аудиогидтер жазылып, IZI travel халықаралық туристік платформасымен интеграцияланған.