Шымқаланың орталығы тағы да жасыл талдарға көбейіп, көріктендірілді. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының дәстүрге айналған: «Өз талыңды отырғыз!» акциясы жалғасын тауып келеді. Акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни, қоршаған ортаны жасыл желекке толтыру. Бүгінгі игілікті іс-шара да ойдағыдай өтті.
Биыл да, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Шымкент қаласының филиалы, «Жас толқын» жастар қанатының белсенділері «Ұлттық теннис орталығы» аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.
«Бабалар еккен шынарды балалары саялайды» демекші, отырғызған жасыл желектеріміз тез жерсініп, балғындарымыз мақтанышпен айта жүріп, саясында емін-еркін асыр салып ойнауы біз үшін үлкен қуаныштардың бірі.
Сондай-ақ, төрт жыл бұрын бұл партияның бастамасын Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қолға алып, 300-ге жуық партия белсенді жастарының қатысуымен Шымкент қаласының Асар мөлтек ауданындағы саябағында тал еккен болатын. Орталық саябақ әп-сәтте 500-ге тарта шырша көшеттерімен толықтырылған. «Ауыл» партиясының бастамасымен осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам көшет отырғызылды.