-Біз Елбасының Үндеуін қолдаймыз. Қазіргі таңда Үкімет барлық сақтық шараларын қолға алды. Елімізге кіретін күре жолдардың барлығы бақылауда. Келген азаматтар тексеруден өтіп, оқшаулануда. Өзгеге залалын тигізбес үшін бұл азаматтарда жасалып жатқан шараға түсіністікпен қарауы керек. Ал, елдегі азаматтар барынша сақтық шараларын ұстанып, мамандар кеңесіне құлақ асуы тиіс. Сонда ғана ел басына туған нәубетті жеңіп шығарымыз хақ! Мен жерлестеріме үлкен сенім артамын. Өйткені Қазақ осы сәтке дейін қаншама қиындықты бастан өткерді. Сол кездерде еш мойымай қасқайып тұра білді. Бұл жолыда біз бірге еңкереміз. Сонау 1990 жылдардан да Тұңғыш Президентіміздің саралы саясатының арқасында жеңіп шықтық. Ел бастаған осындай көреген дана азаматтарымыз барда, бірліктің арқасында бұл күндері де арқа тастарымыз сөзсіз, — дейді.
Әбдірашит ОМАРОВ, «Шымкент Темір» ЖШС басшысы