Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қазыбек» әмбебап базарына, «Шаһан-2», «Сайман» және «Hyper house» сауда орталықтарына барды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ондағы санитарлық жағдайларды бақылаған шаһар басшысы бағаның тұрақтылығын да назарда екенін жеткізді.

«Сауда орындарына келген барлық тұрғындарды бетперде киюге міндеттеу керек. Ел тыныштығы мен тұрғындар денсаулығы – басты назарда. Белгіленген тәртіппен жүрсек, қиындықтарды бірге жеңеміз», – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен жедел топ құрылған. Барлық тиісті мамандар қаладағы базарлар мен сауда орталықтарында, дүкендерде, әуежай мен теміржол вокзалында, автовокзалдарда дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.