Қаңтардың қаһарлы күндері еліміз қаралы күй кешті. Орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық міндетім деп білемін.
Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын.
Өз атымнан жастар мен бейбіт тұрғындарға, Президентіміздің үндеуін қолдайтындығымды жеткізіп, қазіргі қиын сәтте саналы шешім қабылдауға, елдің тыныштығын сақтауға, ел арасына іріткі салмауға, тек ресми расталған ақпаратқа сенуге шақырамын.
Мен еліміздің ертеңіне сенемін! Аман болайық! Ел бірлігін сақтайық, ағайын!
АМАЛБЕК ТШАНОВ