«ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ӘНДЕР» ЭТНО-ТАНЫМДЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Дәстүpлі және ғұрыптық әндер» этно-танымдық шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – ерте заманнан жалғасып келе жатқан асыл мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жастар арасында кеңінен насихаттау.

«Мың жыл бұрынғы саздың, күй мен сарынның бүгінгі күнге жетуінің өзі халықтың ұлттық болмысының биік көрінісі. Ендеше, бұл өнер үлгісінің ғұмыры ғасырдан ғасырға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек», – деді орталықтың директор орынбасары Райхан Сапарқызы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Дәстүр және ғұрып» жобасында, дәстүрлі өнердің қаймағы ғұрыптық әндер-бесік жыры, тұсау кесер жыры, беташар, сыңсу, аушадияр, жар-жар, тойбастар, бақсылық өнер, ауылдың алты ауызы, жарапазан, жоқтау сынды ғұрыптық әндер мен көнеден жеткен ән-жырлар айтылды.

Этно-ғұрыпты паш ететін іс-шараға, мәдениет саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары және студенттер қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған