Түркістан қаласында азаматтарды мүгедектікке шығару мәселесі төңірегінде алаяқтық әрекеттер жиі орын алуда. Қала тұрғыны, жұмыссыз Ш. есімді азаматша алаяқтық сипатындағы қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді.
Аталған азаматша қала тұрғындарын өз уысына алдап түсіріп, «мүгедектікке шығарып беремін»,- деп уәде ету арқылы ақшаларын жымқырып келген. Онымен қоймай, пәтерге қол жеткізе алмай жүрген тұлғаларға Түркістан қаласынан мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде берілетін пәтерлерден баспана алып беруді де уәде еткен.
Ш. есімді азаматша жәбірленушілерді сендіру үшін құзіретті мекемелерде таныстары барын айтып, әрбір адамнан 30 мың теңгеден бастап, 300 мың теңгеге дейін алып отырған. Осылайша жалғыз өзі 19 адамның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, жалпы 2 млн. 230 мың теңге көлемінде залал келтірген. Түркістан қалалық сотының үкімімен Ш. есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты қасақана жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді және орындауға жолданды.
Қазіргі таңда азаматтардың тұрмыстық жағдайын пайдаланып, оңай жолмен пайда табуды көздеген азаматтар түрлі қылмыстарға баруда. Аңқау елді уысына түсіріп, сан қақсатып жатқан алаяқтар қалайда әшкереленіп, заң алдында жауап беретін болады.
Сондықтан, қала тұрғындарын осындай жағдайға тап болмауы үшін «пара» беруден сақтанып, тек заңды күші бар дүниелерге ғана сенуге шақырамыз. Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен ресми түрде тікелей мемлекеттік органдарға ғана жүгіну қажет.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, алыс танысы көкөніс алып-сатумен айналысатынын айтып, одан «арзан бағада 4 тонна қызанақ әкеліп беремін», — деп 750000 теңге алған. Алайда, ақшаны қалтасына басқан күдікті хабарсыз кеткен. Аталған жәйтты полицейлер ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іске кірісті. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жәйтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтықпен сотталған ер азамат болып шықты.
Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ескі әдетіне басып, өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды жолықтырып, қызанақ әкеліп беремін деп жалған уәде беріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтармай жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бүгінде ұсталған орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі есірткі сатумен айналысады деген хабарлама түскен. Аталған ақпарат бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден күдіктіні анықтауға қажетті іс-шараларды жүргізді. Алдын ала жоспар бойынша күдіктіден 17000 теңгеге есірткі сатып алынды. Есірткіге жүргізілген сараптама қорытындысымен сатып алынған есірткі «кептірілген марихуана» екені расталды. Жалпы, салмағы 60 грамм.
Шараның нәтижесінде есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекен-жайын анықтап, ұстады. Ол бұдан алдын сотты болған орта жастағы ер адам болып шықты.
Аталған жәйтты келестік полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2022 жылдың желтоқсан айында жергілікті тұрғын келіп, белгісіз тұлғалар үйіне заңсыз терезе арқылы кіріп, алтын бұйым, бриллианттарын ұрлап, аса ірі көлемде шығын келтіргенін айтып арызданған полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында, күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұдан алдында да ұрлық қылмысымен сотты болып, оған қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған жас жігіт болып шықты. Алайда, күдікті жазасын толық өтемеген. Сонда да өзінің соттылығына қарамастан, қайта қылмыс жасап жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды жымқырған. Аталған жәйтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.
Полицейлер анықтағандай, жас жігіт негізінен түнгі мезгілде үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғынға тиесілі үйдің ішінен алтындарды, бағалы бұйымдарды жымқырып кеткен. Ал, ұрлап алған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Полицейлер аталған істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде сот үкімі бойынша күдіктінің алдыңғы жазасының өтелмеген бөлігі қоса есептеліп, 24 жастағы жас жігіт 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Қоғамда отандық емес, шетелдік қаржы пирамидаларының арбауына түсіп, бармағын тістеп өкініп жатқандар көп. Алданып жатқан көптеген пирамидалардың құзырында депозиттерді қабылдауға рұхсат беретін Ұлттық банктің лицензиясы, жарғысы және мемлекеттік тіркеуден өткен реттік нөмірі жоқ. Қандайда бір қаржы пирамидаларына келген адамнан талап етілетін ең бірінші мәселе белгілі бір жарна төлеуді міндеттеу болып табылады. Тарихта 1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф адамзат тарихындағы ең ірі «Mэdoff Investment» қаржы пирамидасының ірге тасын қалаған екен.
Ол жарты ғасыр бойы ірі компанияларды сазға отырғызуға негізделген қаржылық жүйені өмірге әкелді. Бұл процесс біздің елде 1993 жылдан бері қаржылық пирамида индустриясы «қарқынды» жұмыс істеп келеді. Қаржы салып «байып кеткендердің» өмірі туралы бейнероликтер халықтың көзін байлап, тереңдеп ойлануына апаратын жолды жауып тастағанын ұмыта алмай жүргендер әлі бар. Қазіргі таңда да жағдай мәз емес болып тұр. Қазір әлеуметтік желіні қолданбайтын адам жоқ шығыр. Сол жерде шұбырып жүрген жарнамаларға қарайтын болсаңыз, 150-200 мың айлық көрсеткішін жазып, тәжірибесіз болса да болады деп жұмысқа шақырамыз деген жарнамаларды шығарып қояды. Анықтап қарасаңыз, көбісі бір мекен-жайды көтсеткен. Ондай қаржы пирамидалары телефонда да, жарнамада да нақты мәлімет бермейді, кеңсе жұмысы деп қысқа қайырады. Тәжірибесіз адамға кім мұншалықты көп жалақы береді екен деп, көптеген жастар мен зейнеткерлер де алданып жатыр.
«Қазір көшеде студенттерге, жас қыздарға жұмыс деген жарнамалар көбейіп кетті. Менде сол жарнаманы көріп барған едім. Кеңсе жұмысы деп айтты. Барғаннан кейін бірден сабақ оқытып кетті. Кейіннен қаржы пирамидасы екендігіне көзім жетті. Жұмысым қандай деп сұрағанымда әлеуметтік желілер арқылы адам шақырасың және компанияға тіркелесің деп айтты. Тіркелу үшін ақша салып, зат алу керек екен. Ол жердегі нақты жұмыс жарнама таратып, адам шақырумен айналысу. Жеке өзім мұны алаяқтық деп қабылдадым. Себебі, олар маған кеңсе жұмысы деп шақырып алып, кейіннен өздерінің компанияларын таныстырды. Бірінші жұмыс күні кеңсе қызметімен айналысасың деді де, екінші күні Тяньшидің жұмыс жасау схемасын түсіндіре бастады. Пайдасы жоқ екендігін түсініп, шығып кеттім», — деді ХҚТУ студенті Шайра Жураханова.
Шынына келсек, әлеуметтік желідегі көптеген жарнамаларда 17 мен 35 жас аралығындағы кеңсе қызметкерлерін іздейміз, жалақысы 180-200 мың, деп көрсеткен. Ал, міндеттері тұтұнушымен дайын текст бойынша келіссөздер жүргізу, телефон қоңырауларына жауап беру, кеңсенің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу деп жазыпты. Жұмыс уақыты 10:00 мен 17:00 аралығындағы уақытты көрсеткен. Мұндай айлық көрсеткішіне кімнің болмасын ойы кетері анық. Әсіресе студенттер, яғни біздің жастар. Жарнамадағы телефон нөміріне хабарласып көрген едік. Жауабы дайын кеңсе қызметі екендігін айтты. Қандай мекеме екендігін бірнеше рет сұрағанымызда жауап бере алмай, тек өздерінің үлкен компаниялармен байланысы бар екендігін, өздерінің жәй ғана филал екендіктерін айтып жанталасты. Жұмыс қажет болса қазір келіңіз деп мекен жайын айтып, Насиба Сайтмұратқызынан келдім деп айтуды өтінді. Сонымен айтқан мекен жайға жұмыс іздеуші ретінде барып көруді жөн көрдік. Компания филиалы Амангелді аялдамасындағы «FARABI» деп аталатын ағылшын тілі орталығын мекен еткен екен. Орталықтың бөлмелері нық толған адам. Ол мекеменің «Tiens» компаниясы, яғни «Тяньши» деп аталатын қаржы пирамидасы екендігі анықталды. Бұл компания халықаралық деңгейде 26 жыл, ал Қазақстанда 22 жыл жұмыс жасап жатыр екен.
Түркістанда жыл басынан 438 алаяқтық қылмысы тіркеліп, 306 ашылған. Ал, ағымдағы жылы облыста Қазақстан Республикасы ҚК-нің 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыстық іс тіркелмеген екен. Ақпарат ретінде айтып өтсек, бүгінгі таңда қаржы пирамида белгілері бар «Qnet» ұйымына қатысты Түркістан аумағында қылмыстық іс тіркелмеген.
«Түркістан қаласында тіркелген алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі интернет желісі арқылы жасалатынын полицейлер ескере отырып, Түркістан тұрғындарына үнемі ескерту қағаздарын, жаднамалар таратып, арнайы әлеуметтік желілерде бейнероликтер әзірлеп таратуда. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы алаяқтық қылмысынан зардап шекпеуге болатынын түсіндіруде. Мәселен, бірінші кезекте өзіңізге ғана белгілі жеке мәліметтеріңізді, құжаттарыңыздың құпия нөмірлерін, банк картаңыздың кодтарын ешкімге беруге, тіпті көрсетуге болмайды. Күмәнді ұсыныс білдіретіндерге мүлдем сенуге болмайды. Оның ішінде ақшаңды еселеп көбейтіп беремін дегендердің құрығына ілініп, айласына түспеу қажет. Жалпы, қазіргі таңда Түркістан аумағында қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдарды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары Түркістан қалалық полиция басқармасының бақылауына алынып, жұмыстар жалғасын табуда.
Халықтың милииондаған қаржысын жымқырып жатқан ұйым «Qnet» қаржы компаниясы. Мұндай үлкен қаржы ұйымдары сізге психологиялық тұрғыдан шабуыл жасайды десек, қате пікір емес. Qnet желілік маркетинг болғандықтан мұнда адам тартады. Бұл желілік маркетинг тәртіппен жұмыс істейді. Яғни,өзіңіз Qnet-тің тауарын сатып алғаннан кейін, пайда түсу үшін 2 адам тіркеп , яғни «бизнес-серіктестер» табуыңыз керек. Ол 2 адам да Qnet-тің тауарларын сатып алуы тиіс. Егер сіздің қол астыңызға 2 адам тіркелсе, сіз алғашқы 200 долларды аласыз. Сосын олар да астына 2 адам табуы үшін оларды үйретесіз. Қол астыңыздағы сіз тіркеген 2 адам табыс табу үшін баланс жасау қажет. Яғни, 4 адам тіркеуі керек. Ал, олар баланс жасамаса сізге де, оларға да табыс түспейді. Жүйеге кіру үшін адамдар тауар сатып алуы тиіс. Ол үшін туристік карталары ұсынылады. Олардың бағасы доллармен сатылатындықтан 700 мың теңгеден бастап 1 миллион 500 мың теңгеге дейін барады.
Qnet-ке кірген адам оқытудан өтеді, яғни түрлі тәсілдермен өздерінің схемаларын көрсетіп, түсіндіре бастайды. Мысалы, «бірнеше мемлекетке барып бес жұлдызды қонақ үйде демала алатындығыңызды, көлік мініп, қымбат киімдер жайлы сөз қозғап, жеке ақша тауып, көтерілу» деп қызықтыра түседі. Және жақын адамыңызды осы бизнеске шақыруға үгіттейді. Адамдар әрине, ата-анасын, жақын бауырларын, достарын шақырады. Яғни, қандай адамдарға сөзің өтеді, соларды бірінші шақыр деген қағиданы ұстанады. Бірінші және екінші кездесулерде сіздің армандарыңызды, қайда жұмыс істеп жүргеніңізді сұрайды. Сосын санаға әсер ететін видеолар көрсетіп, сіздің қандай құрдымда жүргеніңізді айтып, сендіруге тырысады. Бұл «бизнес»-ке кірерде ешкіммен ақылдаспауыңызды, интернетке қарамауыңызды ұсынады. Олардың санасы бай адамдардың ойлау жүйесінен төмен деп бетін қайтарады. Критикалық ойлау жүйесі жоқ, сауаты аз адамдар мұнда тез кіріп кетуі мүмкін. Үшінші кездесуде жаңа шақырылған адамға осы «бизнес»-ке ақша алып келуі, болмаса несие алуы ұсынылады. Соған сеніп, пирамиданың құрбаны болып жатқандар көп. Бұл компанияға көптеген сындар айтылып жатса да өз жұмыстарын тоқтатар емес. Осы уақытқа дейін бірнеше Қазақстанның арналары Qnet компаниясына алданған адамдарға қатысты негатив жаңалықтарды көрсеткен. Мысалы, 31 телеарнасы 2020 жылдың 20 қазанында Талдықорғанда Qnet-ке қатысты 240 адамның шағымданғанын хабарлаған. Ал, 2021 жылдың қыркүйегінде «Астана» телеарнасының «Айтарым бар» бағдарламасында Qnet-тен зардап шеккендер туралы хабар көрсетілген, жалпы мемлекеттегі қаржылық пирамидаларға қатысты талқылаулар болған. 2021 жылдың маусымында ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі лицензиясы жоқ компаниялардың қара тізімін жариялаған кезде QNET «Халықаралық бюро консалтингі» ЖШС-і де сол тізімге енген. Яғни, заңмен құдалауға толық негіз бар.
27 жастағы қала тұрғыны өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін бір жасар ұлын сатуға бел буды. Ол өзінің қылмыстық ниеті туралы алдымен Түркістан қаласында нотариус болып жұмыс істейтін таныс әйелге айтып, ол арқылы Кентау қаласының тұрғыны — әлеуетті «сатып алушымен» танысты. 27.05.2021 ж. баланың анасы болашақ «сатып алушымен» Түркістан қаласында кездесіп, 2020 жылы туған ұлын 7 000 000 теңгеге сатып алуды ұсынды. Дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа байланысты Түркістан қаласы прокуратурасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 2-бөлігінің 12-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері жасырын тергеу әрекеттерімен баланың анасының қылмыстық әрекеттері айқындалды. Түркістанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10.11.2021ж. үкімімен аталған әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Түркістан қалалық полиция басқармасы сыбайлас жемқорлық көріністермен табанды күресіп жатыр. Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал, шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайластық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру. Сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Түркістан қаласы полиция басқармасы балалардың қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Түркістан қаласында балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе, 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.
Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз!
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.