Кейінгі уақытта жиі орын алып жатқан қылмыстың түрі интернет алаяқтық болып отыр. Осы интернет алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмау, яғни ақша аударымдарына, жалған ұтыс ойындары мен аз уақытта ақшаны бірнеше көлемде еселеп қайтару, банк қызметкерімін деп, туысыңызда келеңсіз жағдай орын алды деп хабарласу, интернет арқылы заттар мен көліктерді сатып алу кезінде және банктік ақша аударымдары кезінде мұқият болып, оның шынайылығы мен дұрыстығына көз жеткізген соң барып әрекет ету қажет.
Мәселен алаяқ: Өнім немесе қызмет үшін ақысын алдын ала төлеуді сұрайды. Жасырын сатып алушы ақшаңызды салып жіберем деп алдай отырып, тасымал үшін қызмет ақысын сұрайды. Онлайн арқылы несие алу секілді тез және оңай орындалатын қызметтерге күмәнмен қараңыз. Әлеуметтік желілерде әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда сақ болыңыз. Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болу керек. Алдын ала төлем жасамаңыз.
Абонент нөміріңізге келіп түскен СМС кодты үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз. Әлеуметтік желілерде жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз. Басқа қаладан қосалқы бөлшектер мен тауарларды сатып алғанда достарыңызбен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алған өнімді тексеруді өтініңіз, әбден көз жеткізіңіз. Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз.
Сонымен қатар, ең бастысы ешкімге банк шотыңызды толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз. Осы ескертуді жадыңызда сақтап, жақындарыңызбен де бөлісе жүріңіз. Егер де, жоғарыда аталған жәйттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Түркістан қалалық полиция қызметкерлері қаржылық алаяқтармен күресін бір сәтке де тоқтатқан емес. Қарапайым халықты алаяқтардан сақтандырып келеді. Алаяқтар жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Яғни, пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды.
Қаржы пирамидасының белгілері. Ол пирамидадағылар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кірістілігін, мансаптық сатыда жылдам көтерілу туралы уәде береді. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлі тренингтер жүргізеді. Соңғы уақытта олар интернетте белсенді жұмыс істеп келеді. Өздерінің қаржылық пирамида екенін бүркемелеудің жаңа әдістерін де шығарып алған. Алайда, бірінші кезеңде нақты қаржы сомасын салу, ал екінші кезеңде – жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдістер ұсынады. Яғни, қаржылық пирамида жүйесімен жұмыс істейді.
Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметіне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, оның қызметiн жарнамалаған адамға әкімшілік жаза да қарастырылған. Ол жеке тұлғаға 150, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 600 айлық көрсеткіш есебіндегі айыппұл қарастырылған.
Пирамида түрлері, қаржылық пирамиданың екі түрі бар: Көп деңгейлі пирамида. Көп деңгейлі пирамида да әр жаңа қатысушы алғашқы салым салады. Ол ақша оны алып келген, оны алып келуге кеңес берген адамның арасында бөліске түседі. Артынша, жаңа қатысушы да дәл сол сияқты артынан 2 адам алып келуі керек. Олардың да ақшасы дәл осылай бөлінеді екен.
Кейінгі кезде ел ішінде қаржылық пирамиданың қармағына түсіп, бар жиған-тергенінен айырылып, сан соғып қалған қазақстандықтар аз емес. Алаяқтарға алданып қалуға не себеп? Мүмкін бұл миллиардтаған ақшаны қалтаға басқан алаяқтардың кәсіби шеберлігі болар? Қазақстандықтардың қаржылық сауатсыздығы да таяқтың бір ұшына жатады.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, халықтың бұндай пирамидаларға алданып қалуының басты себептері қаржылық-кредиттік заңнама саласындағы білімнің жеткіліксіздігі, қаржыны ұстау мәдениетінің төмен деңгейі, сондай-ақ азаматтардың ақша жинауы және инвестициялауы болып табылады. Айта кетейік, бүгінгі таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзінің 39 елінде тыйым салынған. Қаржы пирамидаларына былтыр 31 мыңнан астам адам алданған болса, олардың жалпы шығыны 54 млрд теңгені құрады. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қазақстандағы қаржы пирамида-ларына қарсы іс-қимыл бойынша ішкі істер органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында қатты және тартымды ұрандарды ұсынады. Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптавалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер. Сондықтан қаржылық пирамидалар жаңарып отыруға тырысады. Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты ол 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады.
Егер сіз осындай алаяқтық әрекетке жолықсаңыз не істеу керек? Ең алдымен, тағы бір рет бұл компанияның қаржылық пирамида екендігіне көз жеткізу қажет. Қолындағы алаяқтарға ақша аудару фактісін растайтын құжаттар болса (келісім, банктік шот бойынша үзінді көшірме, қолма-қол ақшаны беру туралы бұйрық), пирамидаға кіргізген адамға дереу хабарласқан жөн. Егер пирамида схемасы әлі де күшінде болса, компанияға жазбаша шағым беріп, ақшаны қайтаруды талап ету қажет. Ақшаны қайтарып бермесе, қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына хабарласатын ұйымдастырушыларға, одан нәтиже болмаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлап, алаяқтарға ескерту қажет. Әдетте мұндай жағдайда ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Алаяқтықпен күрестің маңызды сәті бұл туралы көпшілікке жария ету.
Әлемнің 30-дан астам елінде қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салынған. Оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Италия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері бар. Қазақстанда қаржы пирамидаларын құрғаны және жарнамалап таратқаны үшін мынадай жауапкершіліктер қарастырылған. Қылмыстық жауапкершілік – қаржы пирамидасын құру және (немесе) басқару үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 217- бабы), әкімшілік-қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жасау, тарату және жарнамалау үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабы) бойынша жауапқа тартылады.
Түркістан ҚПБ тергеу бөлімінің бастығы