Түркістан қаласының және Сауран ауданының әскери бөлімшесінің басшысы подполковник Нұржанов Ділмұрад Абдурашидұлымен әскери кәсіпті және қоғамда әскери қызметтің беделін арттыру бойынша сұқбат жүргізіп, көптеген сұрақтарымызға нақты жауап ала алдық.
— Ділмұрад Абдурашидұлы, азаматтарды әскери қызметке даярлау және шақыру қалай жүзеге асады?
— Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені болып табылады.
Азаматтарды әскери қызметке даярлау бастапқы әскери даярлықтан басталады. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша, техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша, запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты қамтиды.
Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру — бұл әскери міндеттілік негізінде жеке құраммен жасақталған жасақтау бөлімі ұйымдастырады және камтамасыз етеді. Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес әскерге шақыру комиссиялары кұрылады. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды іс-сапардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақытылы келуін ұйымдастыруға міндетті. Азамат жергілікті әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледі.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi болып табылады.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру, азаматтарды мерзiмдi әскери, запастағы офицерлердi әскери қызметке және жиынға шақырады. Тағы да жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
—Ділмұрад Абдурашидұлы, әскери кәсіпті және қоғамда әскери қызметтің беделін арттыру бойынша елімізде, Түркістан қаласында қандай ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр?
— Әскери қызметтің имиджі мен беделін көтеруге бағытталған қоғамдық және сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен ардагер ұйымдарымен бірлесе отырып өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өткізіледі.
— Ділмұрад Абдурашидұлы, Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру әскери қызметтің беделін көтеруге ықпал жасайды ма?
— Иә, әрине. Әскерилерді кепілді әлеуметтік қамтамасыз ету әскери қызметінің абырой-беделін қалыптастырады. Бұл түптеп келгенде мемлекеттің камқорлығында болатынын білген әрбір әскери қызметші басқа еш нәрсеге алаңдамай, өзінің кәсіби, жауынгерлік дайындығына біліктілігін жоғары, жинақы және жауапкершілікпен қарайды.
Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне қаралады.
Еңбек сіңірген жылдары, мемлекеттік қызметте болу уақыты, əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызметшілерге көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдер болған кезде мемлекет есебінен санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
— Ділмұрад Абдурашидұлы, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері тұрғынжаймен камтамасыз етіле ме?
— Иә қамтамасыз етілген. Ай сайын жалақыларынан болек әскери қызметшіге және оның отбасы мүшелерінің санына қарай тұрғын үй төлемдері төленіп отыр.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес айқындалған тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері әскери қызмет өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
— Ділмұрад Абдурашидұлы, әскери қызметшілердің демалыстары қалай ұйымдастырылады? Бұл да әскери кәсіптің беделін арттыруға ықпал етеді емес пе?
— Әскери қызметшілердің демалысы график бойынша беріледі. Демалыс ақысы және сауықтыру үшін үш айлық жәрдем ақы төленеді. Мен айталамын бұл да әскери кәсіптің беделін арттыруға үлкен ықпалы бар деп.
— Ділмұрад Абдурашидұлы, Әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне заң шеңберінде қандай камқорлықтар жасалынады?
— Қазіргі уақытта әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің қарастыратын отбасылардың тұрмыстық халі мен психологиялық ахуалы, Отан қорғаушылардың жанұясында қолайлы жағдай жасау секілді мәселелерінің ауқымы кең. Әскери қызметшілер өз қызметтерінде негізінен жауынгерлік оқу-жаттығу процестеріне, күнделікті қызмет тапсырмаларына көп көңіл бөліп, отбасыларының жағдайына, әлеуметтік-тұрмыстық шешілмеген мәселелеріне уақыт бола бермейтіні рас. Әскери үжымның әскери қызмтешілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі тап осы мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің ұйымдардың, бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шеңберінде болады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан кезде жүзеге асады.
Уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына зайыбына өмір бойы төленеді.
— Ділмұрад Абдурашидұлы, Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпке бағынған құл емес» дейді Әскери тәртіптің қатаң болуы әскери кәсіптің беделін көтеретіні рас емес пе? Өзі әрбір жауынгер өз Отанының патриоты болу қасиетті борышы емес пе?
— «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, Ел басына бағыну, еліне бағыну, халқына бағыну-қасиет. Әскери орындардағы азамат санасына сіңдіретін патриоттық тәрбиенің ең басты екі талабын атасам: Тәртіп және тәрбие. Ал қалған әрекеттер әскери адамның ырқынан тыс орындалу керек міндеттер. Мәселен қару ұстау, қорғану, күзет, тактикалык әдіс, барлау сынды түрлі терминдер қатары жіпке тізсе сіз үшін түсініксіз болып кетуі мүмкін.
Сұқбаттасқан Әлима Пашанова