Түркістан қаласында ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан қаласында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат — халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалды. Олар бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық үздіктері.
«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылды. Осындай қиын-қыстау кезеңде елмен бірге болуға ерікті түрде ниет білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Баршаңызға сәттілік тілеймін»,-деді қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков.
Президент бастамасын қолдап, ерікті түрде сапқа тұрғысы келетін түркістандықтардың қарасы қалың. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, өңірде еліміздің Қарулы Күштерінің аумақтық әскерін жасақтауға 230 азамат шақырылған. Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласындағы 50 сарбаздан тұратын әскерилер жасағын қала әкімі Рашид Аюпов басқарады.
Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуды жаппай мобилизациямен шатастырмау керек. Бұл жыл сайын өтіп тұратын шара. Барлық үміткерлер арнайы медициналық комиссия сараптамасынан өткен. Карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Қарулы Күштердің жасақталған запастағы сарбаздары көшелерде жаяу патрульдеуге және облысты айнала қоршай қойылған блокбекеттерде қызмет атқарып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында ішкі істер саласын реформалау қажеттігі туралы жан-жақты айтып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл ең алдымен қылмысты болдырмау мен алдын алу бағытында күндіз-түні қызмет ететін полиция қызметі үшін маңызды қадам болып отыр. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар ел көлемінде басталыпта кетті.
Арнайы жасақталған сарбаздар бүгіннен бастап іске кірісті. Олар қажетті киім мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жұмысы бар еріктілердің лауызымы мен айлық жалақысы сақталады. Жұмыс істемейтіндеріне мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден төленеді. Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте жүргендер және 18 жасқа дейінгі 3 баласы барлар, денсаулығы жарамайтындар шақырылмайды. Арнаулы жиынға шақыртылған әскерилер тұрақты елді мекеніне қызмет жасайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын реформалау басталды. Ең алдымен халықпен жұмыс істеудің жаңа форматтары енгізілді. Бірінші кезекте, ашық диалогтар ұйымдастырып жатырмыз. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет кеңістігін қолданып, «Жолда қабылдау» акциялары өткізілуде. Азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалды. Ішкі істер органдары жанынан азаматтарды қабылдау бөлмелері (фронт офистер) ашылды. Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында фронт офистер жұмыс істеп тұр. Онда халық кез келген мәселемен келіп арыз-өтініштерін қалдыра алады. Өндірістегі істердің қалай жүріп жатқандығын да білуге мүмкіндігі бар. Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков мырза өзі бастап тұрғындарды жеке қабылдаулар өткізіп жатыр.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, яғни полицияның сервистік моделін енгізу жүргізілуде. Оның негізгі идеясы – азаматтардың проблемаларын жай ғана тыңдап, көріп қоймай, оларға дұрыс және обьективті жауап беру, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог жүргізу болып табылады.
Қызметкерлерді оқытуды жетілдіру ісі тұрақты түрде жалғасып келеді. М.Есболатов атындағы Алматы академиясынан орта басшы құрамды даярлау факультеттері ашылып, онда Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев білімін жетілдіріп келсе, қазіргі таңда Түркістан ҚПБ, Жетісай АПБ, Ордабасы АПБ бастықтары оқуларын жалғастыруда. Сондай-ақ ведомстволық білім беру саласы оңтайландырылды. Яғни 12 оқу орнынан 5 оқу орны қалдырылды. Олар Қарағанды академиясы – тергеу, криминалистика мамандары бойынша, Алматы академиясы – жедел іздестіру, байланыс саласы бойынша, Ақтөбе институты және Петропавл, Шымкент оқу орындары – әкімшілік саласы бойынша оқытады.
Кадрларды іріктеу және оқыту жетілдірілді. Жаңа тәртіп бойынша ІІО-ына қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына бастапқы кәсіби даярлау арқылы іріктеу тәртібі оңайланып, сынақ мерзімін алып тастау жолымен қызметке қабылдау мерзімі қысқарды.
Ішкі істер органдары қызметіне үміткерлерді қабылдау Полиция департаментіндегі бос лауазымдар бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурсты өткізу кезеңі туралы Полиция департаментінің интернет-ресурсында және баспа басылымдарында хабарландыру жарияланады. Конкурсқа қатысатын үміткерлер Әскери-дәрігерлік комиссиядан медициналық тексеруден өтіп, оның нәтижелері бойынша үміткерлердің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіптік қасиеттерін зерттеу бойынша жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу аяқталғаннан кейін жеке істер қалыптастырылып, үміткерлер конкурстан өту үшін ІІМ-нің оқу орындарына жіберіледі. Оқу орындарында үміткерлер дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырып, конкурстық комиссия отырысына қатысады. Үміткер конкурстан өткен жағдайда, сол Академияда 3 айдан 6 ай аралығында кәсіби бастапқы даярлықтан өткен соң, лауазымға тағайындалады.
Сондай-ақ, полиция департаменті жанынан консультативті-кеңесші орган құрылды. Оның құрамына ішкі істер саласының ардагерлері мен БАҚ өкілдері, спорт саласының мамандары және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары енгізіліп отыр. Консультативті кеңесші органның қарауына жеке құрам қызметкерлерінің тәртібі, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жағдайындағы мәселелер жіберіледі. Биыл кеңесші орган отырысы 2 рет өткізілді. Ал Түркістан облысы Полиция департаменті құрылғалы 10 рет жиналып, өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтар болсам, «Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» және Полиция қадамдық қол жетімділікте, проблемалар, шешу жолдары» тақырыптары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің үстінен тәртіп бойынша, әдеп кодексінің талаптарын бұзған деректер бойынша арыздар қаралып, арыз иелеріне заңды көрсетілген мерзімде жауаптар берілді. Тиісті шешімдер қабылданды.