Сарыағаш аудандық полиция басқармасына Құркелес ауылының тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша 17 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ, анасының өз баласын іздеп жүргеніне 2 тәулік болған. Алайда, еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған.
Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.