Жол қозғалысы ережесін білу, әр адамды қауіп-қатерден сақтайды.
Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар өз мiндетін білуге тиіс
Түркістан қаласы жол патрульдік полицей қызметкері Жолдас Қыстаубаев кең көлемді сұқбат құрған едік. Бізге полицей мырза жалпы жол қозғалыс ережелері туралы кеңес беріп, көптеген сұрақтарымызға нақты жауап береді.
Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлері елімізде бірінші болып жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды қашықтықтан анықтау үшін «ДРОН» пилотсыз ұшу аппаратын қолдана бастады. Бейнебақылау камералардың саны 100-ден 141 бірлікке дейін ұлғайтылып, қалалық маңызы бар жолдарға 26 бірлік орнатылды. Олардың көмегімен 255 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Патрульдік автомобильдерінде орнатылған жылдамдық режимін автоматты тіркеудің бес мобильді «Кибер-Шериф» кешені іске қосылды. Олармен 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Жыл басынан бастап полиция департаменті қаланың көше-жол желісіне 3 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 11 583 ақау анықталды, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша 3 253 нұсқама берілді. 3 172 нұсқама бойынша кемшіліктер жойылды.
Түркістан қаласындағы жолдарда көктайғақтың алдын алуға қажетті инертті материалдар толық аудан, қалалардағы қоймаларға тасымалданып, жинақталды. Жүзден астам арнайы техника жасақталған. Автомобиль жолдарының жай-күйін күнделікті бақылау күшейтілген. Қыс айларында автомобиль жолдарында автокөліктердің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары облыс басшылығы тарапанан қатаң бақылауда.
Түркістан қаласы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асады.
— Жалпы жол қозғалыс ережелері туралы Түркістан қаласы тұрғындарына кеңінен баяндап кетсеңіз.
Автомагистраль — 5.1-белгісімен белгіленген және бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда — жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, темір жолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жолмен жүреді. Автобус — жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы болып табылады. Автопоезд — тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы деуге болады. Багаж — буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі болып табылады.
— Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы не айтасыз?
— Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлері елімізде бірінші болып жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды қашықтықтан анықтау үшін «ДРОН» пилотсыз ұшу аппаратын қолдана бастады. Бейнебақылау камералардың саны 100-ден 141 бірлікке дейін ұлғайтылып, қалалық маңызы бар жолдарға 26 бірлік орнатылды. Олардың көмегімен 255 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Оған қатысушылар мен мемлекеттiң жол-көлiк уақиғалары мен олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол қозғалысының жай-күйi болып табылады. Велосипед — мүгедектердiң арбасынан басқа, екi не одан көп дөңгелек бар және үстiндегi адамның дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлiк құралы. Жүргiзушi — көлiк құралын, жүгi бар, салт жануарларды немесе табынды жолмен басқарушы адам. Жүргiзудi үйренушi де жүргiзушiге теңестiрiледi. Мәжбүрлi аялдау — оның техникалық ақаулығынан немесе ол әкеле жатқан жүк тудырған қауiптiлiктен, жүргiзушiнiң (жолаушының) жай-күйiне, жолда кедергi пайда болуынан көлiк қозғалысының тоқтауы болып табылады. Басты жол белгілерімен белгіленген немесе белгісі бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тыс материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда, тікелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен, қиылысатын жолмен тең болып саналмайды.
Тұрғын аймақ — 5.38 белгiсiмен белгiленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе массив.
Тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты Жүкті массасы болып табылады.
Елдi мекен — оған кiретiн және шығатын жерлерi белгiлермен белгiленген, құрылыс салынған аумақ.
Көлiк құралының қозғалысын жол қозғалысын ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттiлiгi аялдама (тұрақ) болып саналмайды.
Жолаушы — көлiк құралындағы (үстiндегi) және оны басқармайтын адам.
— Жол қиылысы мен жаяу жүргінші қозғалысқа кедергі жасау мәселелері туралы не айтасыз?
— Патрульдік автомобильдерінде орнатылған жылдамдық режимін автоматты тіркеудің бес мобильді «Кибер-Шериф» кешені іске қосылды. Олармен 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Жыл басынан бастап полиция департаменті қаланың көше-жол желісіне 3 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 11 583 ақау анықталды, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша 3 253 нұсқама берілді. 3 172 нұсқама бойынша кемшіліктер жойылды.
Жол қиылысы — жолдардың, тиісінше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгіленген сызықтармен қосатын бір деңгейде қиылысу, түйісу немесе тармақталу орны. Олардың алдынан басымдылық белгісі қойылмаған далалық, орманды және екінші дәрежелі жолдармен қиып өту, (түйісу) орындары жол қиылысы болып саналмайды.
— Полицей мырза, жаяу жүргіншілер өтпесі, қозғалысқа кедергі, бөлу жолағы, рұқсат етілген ең жоғарғы масса және реттеушi жөнiнде не айтасыз? Осы жөнінде Түркістан қаласы тұрғындарына түсіндіре кетсеңіз.
Жаяу жүргiншiлер өтпесi — жүру бөлiгiнiң, белгiлерiмен немесе — таңбаларымен белгiленген және жау жүргiншiлердiң жолды кесiп өтетiн қозғалысына арнап бөлiнген учаскесi. Жаяу жүргiншi өткелiнiң енi таңбаланбаған жағдайда жол осi бойынша. және белгiлерiнiң арасымен айқындалады.
Жүргiн бөлiк — жолдың рельссiз көлiк құралдарының қозғалысына арналған элементi.
Тәулiктiң қараңғы уақыты — кешкi қара көлеңкеден таңертеңгi елең-алаңға дейiнгi уақыт аралығы;
— Полицей мырза, жол қозғалысына қатысушылар өздеріне қатысты қандай талаптар мен ережелерді білу керек?
— Еліміздің аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген.
Жол төсенiштерiн бүлдiруге немесе ластауға, қозғалыс үшiн кедергi келтiретiн жол белгiлерiн, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдiруге, өздiгiнен орнатуға тыйым салынады. Кедергi келтiретiн адам оны жоюдың барлық мүмкiн болатын шараларын қабылдауға мiндеттi, ал ол мүмкiн болмаған жағдайда қауiптiлiк туралы қол жететiн құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және iшкi iстер органына хабарлауға мiндеттi.
Осы ереженiң бұзған адам, еліміздің заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
— Полицей мырза, жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi туралы жан-жақты айта кетсеңіз. Көбіне көп жолаушылар жол ережелерін және өздерінің міндеттерін білмегендіктен қателікке бой алдырып, айыппұлдар төлеп жатады. Көлік жүргізушілер қандай міндеттерді білуге тиіс?
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады.
Мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамауға болмайды.
— Полицей мырза, Түркістан қаласынан өтетін шетелдік жүргізушілерге қандай талап қойылады?
— Халықаралық жол қозғалысына қатысушы механикалық көлiк құралын жүргiзушi мына талаптарды сақтауға міндетті. Өзiмен бiрге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес келетiн көлiк құралына тiркеу құжатын және жүргiзушiнiң куәлiгiн, көлiк құралында өзi тiркелген мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерiн алып жүруге, көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi екенін ұмытпауы керек.
Көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi негiзгi ережелерге және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiне сәйкес көлiк құралдарының дұрыс жай-күйi шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету тиіс.
Полиция қызметкерiнiң талап етуi бойынша мастығы туралы куәландыру өту.
Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына болмайды.
Көлiк құралын мына жағдайда қалдыруға болмайды:
Жол-жөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жәрдем қажет ететiн азаматтарды емдеу мекемелерiне алып бару үшiн медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне.
Авария кезiнде зардап шеккен көлiк құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ заңда көзделген, өзге де кейiн қалдыруға болмайтын жағдайларда iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне беруге болады.
Көлiк құралдарын беру туралы талап ету шет ел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң және дипломатиялық иммунитетi бар халықаралық ұйымдардың көлiк құралдарына қолданылмайды.
— Полицей мырза, жол көлік оқиғасы орын алған жағдайда сіздердің тарапыңыздан және осындай жағдайға түскен жолаушылар тарапынан қандай іс-әрекеттер жасалынады?
— Көлiк құралы жүргiзушiсiнiң құжатын тексеруге немесе көлiк құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
Жол-көлiк оқиғасы кезiнде, оған қатысы бар жүргiзушi:
Ереженiң 7.2.-тармағының талаптарына сәйкес көлiк құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға), авариялық жарық сигнализациясын iске қосуға және авариялық аялдау белгiсiн (жанып-сөнетiн қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауы тиіс.
Зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдану, «медициналық жедел жәрдем» шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкiндiк болмағанда, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi емдеу мекемесiне жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының тiркеу белгiсiн хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушiнiң куәлiгiн және көлiк құралын тiркеу құжатын көрсетiп) оқиға болған жерге қайтып келуге міндетті.
Болған жағдай туралы жақын жердегi iшкi iстер органына кешiктiрмей хабарлауға, көзiмен көргендердiң тегi мен мекен-жайларын жазып алуға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң келуiн күтуге міндетті.
Егер басқа көлiк құралдарының қозғалысына мүмкiндiк болмаса, жолдың жүретiн бөлiгiн босатуға тиіс.
Жүру бөлiгiн босату немесе зардап шегушiнi өзiнiң көлiк құралымен емдеу мекемесiне жеткiзу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлiк құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар iздер мен заттарды алдын ала белгiлеп, олардың сақталуына мүмкiн болатын барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жердi айналып өтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
— Полицей мырза, егер жол-көлiк оқиғасының нәтижесiнде зардап шегушiлер болмаса, онда қандай іс-әрекеттер жасалынады?
— Жүргiзушiлер болған жағдайды бағалауда өзара келiсiмге келiп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органының жақын жердегi жол полициясы постына немесе бөлiмшесiне келулерiне болады.
Жүргізуші мас күйiнде (алкогольдi, есiрткi немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсiрететiн дәрiлiк заттар әсерiнде, жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлiк құралын басқаруға, ақауы бар немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалануға болмайды.
Иесi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралын пайдалануға, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын пайдалануға болмайды.
Мас күйiндегi, жауапты қимыл жасауды және назар аударуды әлсiрететiн, дәрiлiк заттар әсерiнде отырған адамдарға, ауру немесе шаршаған адамға, сондай-ақ жүргiзудi үйретушiден басқа, өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын басқаруға құқық беретiн жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) жоқ немесе жол (маршрут) қағазында көрсетiлмеген адамға көлiк құралын басқаруға болмайды.
Ұйымдасқан (оның iшiнде жаяу жүргiншiлер де) колоннаны кесiп өтуге және оның iшiнен орын алуға, жүрiс бөлiгiне қоқыс, қозғалыс үшiн қауiп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынады. Бұл талап жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қойылады.
Тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану жағдайларын қоспағанда, көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануға тыйым салынады.
Тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн болса, ақауы бар тiркеу құрылғысымен (поезд құрамында), сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткiлiксiз көрiнетiн жағдайларда — фарлар мен (немесе) артқы үлкен оттары жанбайтын (жоқ) болса, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жүргiзушi жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлiк құралының қозғалысына тыйым салынады.
Ең төменгi жылдамдықтағы қозғалыс кезiнде көлiк құралын тоқтатат немесе маневрдi жүзеге асыра алмайтын жұмыстың тежегiш жүйе немесе рульдiк басқару жұмыс iстемейтiн болып саналады.
Жол жүргенде Негiзгi ережелермен көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын және жүргiзушi анықтай алатын басқа да ақаулар және жағдайлар туындаған жағдайда, оны жоюы тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, жағдайда, онда қажеттi сақтық шараларын сақтай отырып тұрақ немесе жөндеу орнына апаруына болады.
— Полицей мырза, жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi жайлы жан-жақты айтып кетсеңіз. Жол оқиғаларына кейде жүргіншілердің де кінәсы болып жатады. Осы жағдайдан сақтандырудың қандай шаралары бар?
Көлемi үлкен заттарды көтерiп немесе алып келе жатқан жаяу жүргiншiлер, сондай-ақ двигателi жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргiншiлер үшiн кедергi келтiретiн болса, жолдың жүргiн бөлiгiнiң жиегiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай — бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.
Тротуарлар, жаяу жүргiншiлерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкiн болмаған жағдайда, жаяу жүргiншiлер велосипед жолымен немесе көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай — бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бiр қатарда қозғалуларына болады.
Елдi мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiгiмен қозғалған кезде көлiк құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруi тиiс.
Көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен двигателi жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргiзушi адамдар көлiк құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруi тиiс.
Көлiк жүретiн бөлiкпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасына көлiк құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етiледi. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүрушi, тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында — алдында ақ түстi, артта қызыл түстi жағулы фонарьмен жүруi тиiс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда — жол жағасымен, бiрақ тәулiктiң жарық уақытында және ересектердiң бастауымен алып жүруге рұқсат етiледi.
Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлiк жүретiн бөлiктiң шетiне, екi жақтан да жақсы көрiнетiн жерден тiк бұрыш жасап жолды кесiп өтуге болады. Көлiк жүретiн бөлiктi елдi мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргiншiлерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесiп өтуге тыйым салынады.
Қозғалыс реттелiп тұратын жерлерде, жаяу жүргiншi, реттеушiнiң сигналын, ал ол болмағанда — көлiк бағдаршамын басшылыққа алады.
Ескертпе. Реттелетiн және реттелмейтiн жаяу жүргiншi өтпесi түсiнiгi Ереженiң 13.4-тармағында белгiленген реттелетiн және реттелмейтiн қиылыс түсiнiгiмен бiрдей.
Жарқылдайтын көк маягi бар және арнайы дыбыс сигналы iске қосулы көлiк құралы жақындаған кезде жаяу жүргiншiлер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстiндегiлер осы көлiк құралдарына жол беруi және мүмкiндiгiне қарай көлiк жүретiн бөлiктi босатуы тиiс.
Маршруттық көлiк құралы мен таксидi көлiк жүретiн бөлiкке қарағанда биiгiрек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда — тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етiледi. Биiгiрек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерiнде көлiк құралына отыру үшiн көлiк жүретiн бөлiкке шығуға ол тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Түскеннен кейiн көлiк жүретiн бөлiктi кiдiрместен босату керек.
Аялдама пунктiне немесе одан көлiк жүретiн бөлiк арқылы қозғалыс кезiнде жаяу жүргiншiлер Ереженiң пункттерiнiң талаптарын басшылыққа алуы тиiс.
— Полицей мырза, ал енді жолаушылардың жол ережесін байланысты қандай мiндеттерi бар?
— Жолаушылар қауiпсiздiк белдiгi бар көлiк құралымен жүргенде оларды бекiтуге, ал мотоциклмен жүргенде — мотошлемдi түймелеуге, тротуар немесе жол жағалауы жағынан және көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана отырғызуға және түсiруге мiндеттi.
Егер тротуар немесе жол жағалауы жағынан мүмкiн болмағанда, ол қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiпсiз және кедергi келтiрмейтiндей болмағанда ғана көлiк жүретiн бөлiгi жағынан жүзеге асырылуы мүмкiн.
Жолаушыларға жүргiзушiнi көлiк құралы қозғалысы кезiнде оны басқарудан алаңдатуға;
борт платформасы бар жүк автомобилiнiң үстiнде келе жатып түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттан биiк тұратын жүк үстiне отыруға, көлік құралының қозғалысы кезінде оның есігін ашуға, сондай-ақ терезе ойығынан, люктен басын шығаруға болмайды.
— Полицей мырза, бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары туралы жаяу жүрушілерге, жолаушыларға және көлік құралдарының иелеріне тағы да түсіндіре кетсеңіз
— Бағдаршамның сигналдарыжол қозғалысын реттеу үшiн көлденең және тiгiнен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.
Сигналдары тiгiнен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл — төменде; сигналдар көлденеңiнен орналасқанда — қызыл сол жақта, жасыл — оң жақта орналасады.
Бағдаршам сигналдары белгiлi мақсатында байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрiнде (көрсеткiшi), жаяу жүргiншi немесе велосипед кескiнiнде және Х-үлгiсiнде болуы мүмкiн.
Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бiр немесе екi, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейiнде орналасқан жасыл бағыттаушы (көрсеткiш) түрiндегi сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкiн.
Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәнi бар:
Жасыл сигнал қозғалысқа рұқсат етедi.
жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етедi және оның қолданылу уақыты өтiп барады және тыйым салатын сигнал iске қосылатындығын хабарлайды.
Сары сигнал ереженiң 5.6-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертедi.
Сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысын немесе жаяу жүргiншi өтпесiн бiлдiредi, қауiптен сақтандырады.
Қызыл сигнал, оның iшiнде жыпылықтайтыны, қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар бередi.
Қызыл, сары және жасыл түстi бағыттаушы түрiнде орындалған бағдаршам сигналы тиiстi түстердегi дөңгелек сигналмен бiрдей мағыналас, бiрақ олардың күшi бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Мұндайда солға бұрылуға рұқсат беретiн бағыттаушы, егер бұған тиiстi жол белгiсiмен тыйым салынбаса, керi бұрылуға да рұқсат етедi.
Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетiн бағыттағы қозғалысқа тыйым салынғанын бiлдiредi.
Егер бағдаршамның негiзгi жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы (бағыттаушылар) салынған болса, онда ол жүргiзушiге бағдаршамның қосымша секциясын және қосымша секцияның сигналына қарағанда өзге де рұқсат етiлген қозғалыс бағыттарын хабарлайды.
Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргiншiнiң (велосипедтiң) кескiнi түрiнде орындалса, онда күшi тек жаяу жүргiншiге, (велосипедшiлерге) ғана қолданылады. Мұндайда жасыл сигнал жаяу жүргiншiнiң (велосипедшiнiң) қозғалысына рұқсат бередi, ал қызыл тыйым салады.
Велосипедшiлердiң қозғалысын реттеу үшiн сондай-ақ кiшiрейтiлген өлшемдегi дөңгелек сигналы бар, 300х200 мм өлшемдi, қара түстi велосипед кескiнделген тiк бұрышты ақ түстi табличкамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылуы мүмкiн.
Соқыр жаяу жүргiншiлердi жүрiс бөлiгiн кесiп өту мүмкiндiгi туралы ақпараттандыру үшiн бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкiн.
Реверстiк бағдаршамның негiзгi сигналдары бағыттаушы түрiндегi, төмен қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтiлген, iске қосылған сигналдың ауысатындығын және бағыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттiгiн хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкiн.
Реверстiк бағдаршамның екi жағынан 1.9. таңбалауымен белгiленген жолақтың үстiне орналастырылған сигналдары iске қосылғанда осы жол жолағына шығуға тыйым салынады.
Темiр жол өтпесiне орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай түстес ақ сигнал көлiк құралдарының өтпе арқылы қозғалысына рұқсат бередi. Ай түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигнал iстемей тұрған кезде көз жетер жерде өтпеген жақындап қалған поезд (локомотив, дрезина) болмағанда, қозғалысқа рұқсат етiледi.
— Полицей мырза, реттеушiнiң сигналдар туралы не айтасыз?Бұл жол қауіпсіздігін сақтауда қандай рөл атқарады?
— Оның денесi мен қолдарының, оның iшiнде мынадай мәндердi бiлдiретiн жезлмен жасаған қимылдары, реттеушiнiң сигналы болып табылады. Қолдары екi жаққа созылған немесе төмен түсiрiлген. Ссол және оң бүйiр жақтарынан — қозғалыс трамвайға тiке, рельссiз көлiк құралдарына тiке және оңға қозғалуға рұқсат етiледi, жаяу жүргiншiге жүрiс бөлiгiн кесiп өтуге рұқсат етiледi. Кеуде және арқа жағынан — барлық көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiнiң қозғалысына тыйым салынады. Оң қол алға созылғанда, сол бүйiр жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссiз көлiк құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етiледi. Кеуде жағынан — барлық көлiк құралдарына қозғалыс тек қана оңға рұқсат етiледi. Оң бүйiр және арқа жағынан — барлық көлiк құралдарына қозғалыс тыйым салынады. Жаяу жүргiншiлерге жүрiс бөлiгiн кесiп өтуге реттеушiнiң арт жағынан рұқсат етiледi.
Қол жоғары көтерiлгенде, ереженiң тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.
Реттеушi қол қимылдарымен жүргiзушiлерге және жаяу жүргiншiлерге түсiнiктi басқа да сигналдар беруi мүмкiн.
Сигналдар жақсы көрiнуi үшiн реттеушi жезлдi немесе сигналды дискiнi (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкiн.
Көлiк құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бip мезгiлде ысқырып сигнал бере отырып, көлiк құралына бағытталған қол қимылымен көрсетiлуi мүмкiн. Жүргiзушi оған нұсқалған орында аялдауы тиiс. Көлiк құралын тоқтатқан iшкi iстер органдарының қызметкерi (полиция) тармаққа сәйкес жүргiзушiге кiдiрмей келiп, тоқтату себебiн айтуы тиiс.
Ысқырықпен берiлген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға берiледi.
Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимi жасыл сигналдың тiкелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтiн жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгiнбей тоқтата алмайтын жүргiзушiлерге Ереженiң 5.5-тармағында белгiленген жерлерде әрi қарай қозғалуға рұқсат етiледi.
Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жүрiс бөлiгiнде келе жатқан жаяу жүргiншiлер оны босатуы тиiс, ал оған мүмкiндiк болмаған кезде — қарама-қарсы көлiк легiн бөлушi сызықта тоқтаулары тиiс.
Темiржол өтпелерiнде жыпылықтаған қызыл сигналмен бiр мезгiлде қозғалысқа қатысушыларды қосымша ақпараттандыратын, өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салатын дыбыстық сигнал берiлуi мүмкiн.
— Полицей мырза, арнаулы сигналдар қандай жағдайда, не үшін қолданылады?
Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдылық алуы үшiн мұндай көлiк құралдарының жүргiзушiлерi көк түстi жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды iске қосуы тиiс. Олар өздерiне жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, басымдылықты пайдалана алады.
Осы құқықты, жедел және арнаулы қызметтердiң көлiк құралдарын Ереженiң осы тармағымен белгiленген жағдайларда алып жүретiн көлiк құралдарының жүргiзушiлерi де пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерi әскери автомобиль полициясының және жол полициясының көлiк құралдарында олар басқа көлiк құралдарын бiрге алып жүрген кезде көк түстi жарқылдауық маякқа қоса, қызыл түстi жарқылдауық маяк iске қосылуы мүмкiн.
Көк түстi жарқылдауық маягi iске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлiк құралдары жақындаған кезде жүргiзушiлер осы және олардың алып жүруiндегi басқа көлiк құралдарының кедергiсiз өтiп кетуiн қамтамасыз етуi үшiн жолды босатулары керек.
Басқа көлiк құралының жүргiзушiлерi олардың жұмысына кедергi жасамауы тиiс.
Сарғыш қызыл немесе сары түстi жарқылдауық маяк қозғалыста басымдылық әпермейдi және қозғалыстың басқа қатысушыларын қауiптiлiк туралы ескерту үшiн қызмет етедi.
— Полиция мырза, Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгiсiн қолданудың аясы туралы айта кетсеңіз.
— Авариялық жарық сигналы мынадай жағдайларда iске қосылады: жол-көлiк оқиғасы, аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде, артқы жүрiспен қозғалғанда, фардың жарығымен жүргiзушiнiң көзiн қарықтырғанда, сүйретуге алғанда (сүйретiлетiн механикалық көлiк құралында), жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде немесе көлемдiк оттардың дұрыс iстемеуiнен көру жеткiлiксiз болған жағдайларда аялдағанда және тұрғанда, елдi мекеннен тыс, жол жағалауының енi жүрiс бөлiгiнен толық кiру үшiн жеткiлiксiз болғанда немесе жол жағалауының енiн осы жол жағдайында айқындау мүмкiн болмай, онда тоқтаған кезде қолданылады.
Авариялық жарық сигналы және басқа жағдайларда да, қозғалысқа қатысушыларды көлiк құралы туғызуы мүмкiн қауiптiлiк туралы ескерту үшiн де қосылуы мүмкiн.
Авариялық жарық сигналын iске қосқаннан кейiн, сондай-ақ оның ақауы болса немесе ол болмағанда, жүрiс бөлiгiнiң неғұрлым қауiптi жағына: жол-көлiк оқиғасы, аялдама жасауға тыйым салынған жерлерде немесе жолдың көрiнуi 100 м кем болған жерлерде ең болмағанда бiр бағытта, дереу авариялық аялдама (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) белгiсiн қою керек.
Бұл белгi (немесе фонарь) нақты жағдайда басқа жүргiзушiлердi қауiптiлiк туралы уақтылы ескертудi қамтамасыз ететiн қашықтықта орнатылады. Сонымен қатар, бұл қашықтық көлiк құралынан елдi мекендерде — 15 м, және елдi мекеннен тыс жерде 30 м. кем болмауы тиiс.
— Полиция мырза, Маневр жасау жайлы айтып кетсеңіз.
Бұрылыс көрсеткiштерiмен немесе қолмен сигнал беру маневрдi орындауды бастауға дейiн кешiктiрмей берiлуi және оны аяқтағаннан кейiн сол бойда тоқтатылуы керек (сигналды қолмен беру маневрдi тiкелей орындау алдында аяқталуы мүмкiн). Мұндайда сигнал, қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиiс.
Сигнал беру жүргiзушiге артықшылық әпермейдi және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.
Екінші дәрежелі жолдан шығу кезінде жүргізуші жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде -жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге, ол кесіп өтетін қозғалысқа жол беруі тиіс.
Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргiзушi жүрiс бөлiгiнiң шетiмен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргiншiлерге, велосипед, мопед, көлiк-арба жүргізушiлерiне, мiнiс көлiгi үстiнде және жүк артып келе жатқандарға жол беруi керек.
Қозғалып келе жатқан көлiк құралдары арасында қауiптi ара қашықтық болған жағдайда, қатар ауыстыруға тыйым салынады.
Айналысты қозғалыс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кездегi бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе керi бұрылу алдында жүргiзушi осы бағытқа қозғалуға арналған жүрiс бөлiгiнде және жолақта тиiстi шеткi орынға уақтылы ыңғайлануы тиiс.
Егер жолда немесе белгiлерi қойылған болса, онда аталған маневрлердi тиiстi қозғалыс жол жолағы бойынша жасауға рұқсат етiледi. Мұндайда шеткi жол жолағы бос болған кезде ортадағы жол жолағымен жүруге тыйым салынады.
Сол жатқан жүрiс бөлiгiмен бiр деңгейде орналасқан бiр бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және керi бұрылыс, егер немесе белгiлерiмен жүрiс бөлiгiнiң жол жолағымен қозғалыс бағыты көрсетiлмесе, солардан бастап орындалуы тиiс. Мұндайда жүргiзушi трамвайға жол беруi тиiс.
Егер қиылыстан тыс жерде керi бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрдi орындау үшiн жүрiс бөлiгiнiң енi жеткiлiксiз боса, онда жүрiс бөлiгiнiң тек қана оң жақ шетiнен (оң жақ жағалаудан) бұрылуға жол берiледi. Мұндайда жүргiзушi бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
Жолға кiретiн жерде жүру сызығы болған кезде жүргiзушi соның бойымен қозғалуы және осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, көршi жолаққа ауысуға мiндеттi.
Жаяу жүргiншiлер өтпесi мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегiмен, тоннельдерде, көпiр үстiнде, жол құбырларында, эстакадаларда және солардың астымен, темiржол өтпелерiнде, ең болмағанда бiр бағытта кемiнде жол көрiнуi 100 метр жерлерде, аялдама пункттерi орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.
Көлiк құралдарына, егер бұл маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi тудырмайтын болса, артқы жүрiске рұқсат етiледi.
Артқы жүрiспен қозғалуға көше қиылыстарында және ереженiң тармағына сәйкес керi бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады.
Сұқбаттасқан Алма Нұрлыбекқызы