Түркістан қалалық пробация қызметі, Түркістан қаласы прокуратурасы, Түркістан қаласы полиция басқармасының ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болып табылады.
Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын-алу, қайта қылмыс жасауға жол бермеу және жаза өтеу шарттарын түсіндіру бағытында құқық бұзушылыққа бейім тұлғалардың тізімі анықталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты — алдағы уақыттарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жәрдемдесуге бағытталған.
Балалардың құқығын қорғау – маңызды міндеттердің бірі. Мәжілісте қаралған заң жобасында балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, соның ішінде оларды отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңестік салаларында қорғау басты назарға алынатыны айтылуда.
Түркістан қаласы ата-аналар қауымдастығы бала құқығын қорғау бойынша бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Осы орайда, маманның өңірімізде орын алып жатқан зорлық-зомбылыққа, оның алдын алу туралы пікірін білдік.
Балалар зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп қабылдауы тоқтатуымыз керек.
— Бұл мәселелерге назар салып қарамайтын болсақ, зорлық-зомбылық тоқтамайтын болса, онда балалар үйде ата-анасынан, сыртта көшедегі үлкен балалардан, көршілерінен, мектепте мұғалімдерден жәбір көргенін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Ал сондай зорлық-зомбылықтың ортасында өскен бала болашақта өзінің әйеліне, отбасына, балаларына осы әрекеттерді көрсететін болады. Бұл біздің қоғамдағы отбасы институтына зақым келтіреді. Ұлттық құндылықтарымыз, адами құндылықтар сіңірілмегеннен кейін, ата-аналардың жауапкершілік сезімін оятпайынша, қоғам да дұрыс даму жолына түспейді. Барлық өркениетті елдерде басты көңіл балаға бөлінетіні содан – дейді ол.
Балалардың өз-өзіне қол жұмсауы көбейіп барады. Статистика да жыл сайын өзгеріп келеді. Әсіресе, балалардың өзіне қол жұмсауы көбейіп барады. Түркістан қаласының өзінде былтыр ғана зорлық-зомбылық салдарынан 5-сынып оқушысы қайтыс болды. Ол республика көлемінде үлкен резонансқа айналды. Көбінесе ата-аналар балалары Whats’App-та, Вконтакте, ТикТокта қандай буллингке ұшырайтынын біле бермейді. Олардың басқа адамдардан түрлі теріс ақпарат алып, моралды, психологиялық түрде зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанынан ата-аналары бейхабар. Облыстың 80%-дан астамы көпбалалы отбасылар болғандықтан, жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында тұр. Қатты қынжылатынымыз, дұрыс қоғамда дені сау боп дүниеге келіп, зорлық-зомбылықтан, кибербуллингтен суицидке барып жатыр. Біз осындай жағдайларды болдырмау үшін бар күшімізді салуымыз керек.
Сонымен қатар балалардың құқығын қорғауды заң жүзінде қорғауға алуды да терең зерттеп келе жатқан жағдай бар.
Кибербуллинг туралы заң қабылданғанын қалаймын, ол бала құқығын қорғау деп есептеймін! Қазір тіпті ата-аналар да, балалар да өз құқықтарын қорғауды да білмейді. Әсіресе, отбасы құндылығын, бала құқығын, ана құқығын қорғайтын заңдар өте әлсіз. Биылғы жыл «Балалар жылы» болғандықтан, осы мәселелердің бәрі қолға алынғаны қуантады. Мен де осы шешімдерді қолдап, баспасөз берттеріне сұхбат, пікір беріп, өз жұмыстарымды ашық көрсетіп жатырмын. Әлі де болсын балалардың құқығын қорғау үшін жұмыс жасаймын. «Ел ертеңі — жас ұрпақ» жобасын Түркістан көлемінде келер жылы да жалғастырамыз.
Әрбір бала ешкімге жалтақтамай, жасқанбай, әлеуметтік желі арқылы болатын бопсалаулардан таза болуға лайық. Олардың қауіпсіз ортада өмір сүруге, алаңсыз білім алып, жақсы тәрбие көруге, спортпен еркін айналысуға құқылы екенін естен шығармай, әрбіріміз балалардың құқығын қорғауға ат салысайық!
Кибербуллингтің қауіпі өте жоғары. Буллинг дегеніміз – біреуге физикалық немесе психоэмоционалды зиян келтіру жасалатын агрессивті әрекеттер болса, кибербуллинг – осындай жәбірлеу, ауыр сөздер айту, бопсалау, мазақтау секілді әрекеттердің желіде көрініс табуы әлеуметтік мәселе. Сарапшының айтуынша, кибербуллингтің қауіпі өте жоғары. Себебі, ол уақытпен шектелмейді. Мәселен әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден, ойын платформаларынан және ұялы телефондардағы қосымшалардан кез келген уақытта баланың психикасына зақым тигізетін дүниелер кездесуі мүмкін. Жеткіншектер үшін ондай жағдайлар үлкен трагедия боп көрініп, өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін. Осындай өзіне қол жұмсау әрекетін «суицид» деп атайды. Суицидтің «аяқталмаған суицид» деген түрі де бар. Әрекеттің бұл түрі баланың өзіне қол жұмсау кезінде ата-аналары құтқарып алған немесе дәрі ішіп аман қалған жағдайларды қамтиды.
Сондай-ақ, бір жыл бойы Түркістан қаласының көлемінде «Ел ертеңі – жас ұрпақ» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны ұйымдастырып, бала мен баланың айналасындағы адамдардың кибербуллингке қарсы қалай қимыл жасау керектігі түсіндірілді.
Жоба жетекшісі «Ел ертеңі – жас ұрпақ» әлеуметтік жобасы аясында Түркістанда сынып жетекшілеріне, педагогтарға, ата-аналарға арналған «Сыныпта буллинг пен кибербуллингты болдырмау мен алдын алу» атты семинар-тренингтер жүргізіп, жобаға жалпы есеппен 3000-ға жуық сынып жетекшілері, 1500-ге жуық әлеуметтік педагогтар, 3000-ға жуық мектеп оқушыларының ата-аналары қатысқанын айтады. Бұдан бөлек ата-аналарға арналған «Саналы ата-ана — бақытты бала» семинары аясында 30 тікелей эфир өткізіп, ата-аналардың балаларына деген көзқарасының өзгеру сатысын, нәтижелерімен салыстырғанын және осы тектес жобалардың қазіргі қоғамда маңызы зор екенін жеткізді.