Жүргізушілер мен жолаушылар назарын үнемі жол қауіпсіздігіне аударуға тура келеді.
Ауа-райының қолайсыздығынан болып жатқан жағдайды ескеріп, Түркістан қаласының аумағында тұман мен нөсер жауынның жиі түсуіне байланысты жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Қаланың кейбір аумақтарында жүргізушілердің ережені сақтамауы салдарынан маңызды жолдарда көліктердің апатқа ұшырауына әкеп соғуда. Ал тұман жүргізушілердің жолда жүруі мен көру қабілетіне кедергі келтіруде.
Сондықтан жолда барынша сақ болуларыңызды керек.
Түркістан қалалық полицейлеріне жүргізушілерді ескертіп, жолдағы апаттың алдын алу мен жолдарды патрульдеу бойынша тапсырмалар берілді.
Түркістан қаласында жолдардың қауіпсіздік жағдайы – басты назарда. Жыл басынан бері қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғалары санының – 3,5 пайызға, олардың салдарынан қаза болғандардың саны – 7,8% пайызға төмендеген. Жол апатын азайту бойынша жасалып жатқан жұмыстар баршылық.
Түркістан қаласы республикада бірінші болып жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды қашықтықтан анықтау үшін «ДРОН» пилотсыз ұшу аппаратын қолдана бастады. Бейнебақылау камералардың саны 100-ден 141 бірлікке дейін ұлғайтылып, қалалық маңызы бар жолдарға 26 бірлік орнатылды. Олардың көмегімен 255 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мен Түркістан қаласының аумағында тұман мен нөсер-жауынның жиі түсуіне байланысты жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтау бойынша Түркістан қалалық жол патрульдік полицейі Дастан Қойшыбайұлымен сұқбаттасқан едік.
— Полиция мырза, Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы жайлы не айтар едіңіз?
— Рельссiз көлiк құралдарына арналған қозғалыс жол жолақтарының саны таңбалармен немесе белгiлерiмен, ал олар болмаған кезде жүрiс бөлiгiнiң енiн, көлiк құралдарының көлемiн және олардың арасындағы аралықты ескере отырып жүргiзушiлердiң өздерi айқындайды. Егер жол қозғалысы ұйымы өзгеше қозғалыс тәртiбiн белгiлемеген болса, жүрiс бөлiгiнiң (не жүрiс бөлiгiнiң шетiн айқындай мүмкiн болмағанда, жол полотносының) қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағы сол жақта орналасқан жартысы болып табылады. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жақтарды бөлетiн шартты сызықты айқындау кезiнде жүрiс бөлiгiнiң (жол полотносының) бiр жерiнде енiнiң кеңеюi назарға алынуға тиiс емес.
Төрт немесе одан да көп жол жолағы бар екi жақты қозғалысты жолдарда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығуға тыйым салынады.
Екi жақты қозғалысқа арналған, ортаңғысы екi бағыттағы қозғалысқа пайдаланылатын таңбалармен белгiленген, үш жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағында басып озуға, айналып өтуге, солға бұрылуға немесе керi бұрылу үшiн шығуға рұқсат етiледi. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған сол жоқ шеткi жол жолағына шығуға тыйым салынады.
Елдi мекеннен тыс, сондай-ақ елдi мекендерде және белгiлерiмен белгiленген жолдарда немесе 80 км/сағ. және одан жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етiлген жерлерде көлiк құралының жүргiзушiлерi мүмкiндiгiне қарай оларды жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiне жақын жүргiзуi тиiс. Оң жақ бос болған кезде сол жақты алуға тыйым салынады.
Елдi мекендерде осы тармақтың және ереженiң және тармақтарын ескере отырып, кез келген жол жолағымен қозғалуға рұқсат етiледi, дегенмен, сол жақ жол жолағының бойымен рұқсат етiлгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi, мүмкiндiкке орай, осы жол жолағының бойымен неғұрлым жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан және тармаққа сәйкес ескерту сигналын берген көлiк құралына жолағын босатып, оң жаққа қатар ауыстыруы тиiс.
Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш және одан көп жол жолағы бар кез-келген жолда, басқа жол жолақтары бос болмаған кезде сол жақ шеткi жол жолағына неғұрлым үдемелi қозғалыс кезiнде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе керi айналу үшiн шығуға, ал рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк автомобильдерiне — тек қана солға немесе керi бұрылуға рұқсат етiледi. Бiр жақты қозғалатын жолдың, аялдау немесе тұру үшiн, сол жағына шығу тек қана ереженiң тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарының көршi жол жолағындағы қарағанда үлкен жылдамдықпен бiр жол жолағында қозғалуы басып озуға жатпайды.
Қозғалыс жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауға тиiстi немесе техникалық себептерге байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлiк құралдары айналып өту, басып озу, солға, керi бұрылыс немесе жолдың сол жағында аялдауға (тұруға) рұқсат етiлген жағдайларда, алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа кезде өзiне керектi бағытпен осындай көлiк құралдарының қозғалысына арналған шеткi оң жақ жол жолағымен қозғалуы тиiс.
Бiр бағыттағы жүрiс бөлiгiмен сол жақта бiр деңгейге орналасқан трамвай жолымен қозғалуға осы бағыттағы барлық жол жолақтары бос болмаған кезде, сондай-ақ Ереженiң 8.6-тармағын ескере отырып айналып өтуге, озып шығуға солға бұрылғанда немесе керi айналу кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде трамвайға кедергi жасалмауы керек. Қарама-қарсы бағыттағы трамвай жолына шығуға, сондай-ақ жолда немесе белгiлерi қойылған болса, трамвай жолымен қиылыс арқылы қозғалуға тыйым салынады.
Егер жүрiс бөлiгi таңбалау сызықтарымен жол жолағына бөлiнген болса, көлiк құралдарының қозғалысы белгiленген жол жолақтары бойынша жүзеге асырылуы тиiс. Үзiк сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана шығуға рұқсат етiледi.
Реверсивтi қозғалысты жолға бұрылған кезде, көлiк жүргiзушi көлiк құралын жүрiс бөлiгiнiң қиылысынан шыққан кезде көлiк құралы оң жақ шеткi жол жолағын алатындай жағдайда жүргiзуге тиiс. Қатар ауыстыруға, жүргiзушi осы бағыттағы қозғалысқа басқа жол жолақтары бойымен де рұқсат етiлетiндiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, рұқсат етiледi.
Көлiк құралдарының жол жағалауымен, тротуарлармен және жаяу жүргiншiлер жолымен (Ереженiң 12.1. және 24.2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), ол елдi мекендерде — бұдан басқа, жүрiс бөлiгiнен тыс жерлермен қозғалуға тыйым салынады. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысына, жол жағалауына, тротуарларға немесе жаяу жүргiншiлер жолына, тiкелей жақын орналасқан объектiлерге жүктердi апаратын көлiк құралдарының қысқа жолмен баруына, басқа кiру жолы болмаған кезде рұқсат етiледi. Мұндай кезде қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
Жүргiзушi қозғалыс жылдамдығына орай алда қозғалып бара жатқан көлiк құралымен арада, соқтығысудан сақтануға мүмкiндiк беретiндей және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi бүйiрлiк аралықты сақтауға мiндеттi.
Елдi мекендерден тыс жерде екi жолағы бaр екi жақты қозғалысты жолдарда олар үшiн жылдамдыққа шектеу белгiленген көлiк құралдарының, сондай-ақ ұзындығы 7 м-ден асатын көлiк құралдарының (көлiк құралдары құрамының) жүргізушілерi өз көлiгi мен алда кетiп бара жатқан көлiк құралының арасында оларды басып озатын көлiк құралы бұлар жүрiп келе жатқан жол жолағына кедергiсiз қатар ауыстыра алатындай аралықты сақтауға мiндеттi. Бұл талап, егер жүргiзушi басып озуды орындауға әзiрленiп келе жатса, сондай-ақ үдемелi қозғалыс кезiнде және ұйымдасқан көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде қолданылмайды.
Екi жақты қозғалысты жолдарда жүрiс бөлiгінiң ортасында орналасқан қауiпсiздiк аралдарының бөлу жолағы, тумбалар және жол құрылыстарының элементтерi (көпір тiректерi, жол өткiзгiштерi және сол сияқтылар) болмаған кезде, егер белгiлер мен таңба өзгеше нұсқамаса, жүргiзушi оң жағынан айналып өтуге мiндеттi.
— Полиция мырза, қозғалыс жылдамдығының шектеулері қандай? Жалпы көлік жылдамдығы туралы айтып кетсеңіз.
— Жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргiзуi керек. Жылдамдық жүргiзушiге ереженiң талаптарын орындау үшiн көлiк құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкiндiк беруiн қамтамасыз етуi керек.
Қозғалысқа жүргiзушi анықтай алатындай кедергi және қауiп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейiн азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiп төндiрмей, кедергiнi айналып өтуге шаралар қолдануы тиiс.
Елдi мекендерге 60 км/сағ. артық емес тиісті жол белгілерімен белгіленген, арнайы қозғалыс режімдерін қоспағанда, бірақ 90 км/сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында — 20 км/сағ. аспайтын көлiк құралдары қозғалысына рұқсат етiледi.
Елді мекендерден тыс жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ 140 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда — 110 км/сағ. Аспайтын, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автоарналарда — 110 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда — 90 км/сағ аспайтын, басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне автомагистральдарда — 90 км/сағ. аспайтын, басқа жолдарда — 70 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Көлiк құралдарының жылдамдығы жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасыған кезде — 60 км/сағ., механикалық көлiк құралдарын сүйреткен кезде — 50 км/сағ., қауiптi, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдау шарттарын келiскен кезде — белгiленген көлемнен аспауы тиiс.
Жүргiзушiге көлiк құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғары жылдамдықтан асыруға, көлiк құралында белгiленген «Жылдамдықты шектеу» айырым белгiсiнде көрсетiлген жылдамдықтан асыруға, қажеттiлiк болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлiк құралдарына кедергi тудыруға, егер бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн талап етiлмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады.
— Полиция мырза, жол қауіпсіздігі үшін үлкен рөл атқаратын басып озу, алда кездескен жол айрығы және аялдама мен тұрақ туралы кеңінен баяндап берсеңіз.
— Басып озуды бастамас бұрын жүргiзушi ол шығуды көздеген қозғалыс жол жолағы басып озу үшiн жеткiлiктi аралықта бос екендiгiн және осы маневрмен ол қарама-қарсы және осы жол жолағында артта қозғалып келе жатқан, оның iшiнде және тармақтарға сәйкес ескерту сигналдарын берушi көлiк құралдарына кедергi келтiрмейтiнiне, осы жол жолағындағы артта келе жатқан көлiк құралының басып озуды бастамағанына, осы жол жолағы бойымен алда кетiп бара жатқан көлiк құралы жүргiзушiсiнiң солға маневр жасау туралы сигнал бермегенiне, қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, ол басып озған көлiк құралына кедергi тудырмай, бұрын жүрiп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткiзуге мiндеттi.
Рельссiз көлiк құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етiледi. Сөйте тұра, жүргiзушiсi солға бұрылуға сигнал берген және маневрдi орындауға кiрiскен көлiк құралын оң жағынан басып озады.
Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, жүргiзушi бұрын жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағына қайтып оралуға мiндеттi.
Басып озатын көлiк құралының жүргiзушiсiне қозғалыс жылдамдығын көтерумен немесе өзге де әрекеттермен басып озуға кедергi жасауға тыйым салынады.
Реттелетiн жол қиылыстарында қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен, сондай-ақ реттелмейтiн қиылыстарда басты жолмен қозғалыс кезiнде, бағытын өзгертетiн (рұқсат етiлген оң жақтан басып озуды қоспағанда) және басты жол болып табылмайтын жол бойында (қиылыстарда шеңбер жасай басып озу қозғалыстарымен, бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын басып озуды және рұқсат етiлген оң жақты басып озуды қоспағанда), жаяу жүргiншiлер өтпесiнде жаяу жүргiншi болған кезде, темiр жол өтпелерiнде және оның алдында 100 м. жақын жерде, басып озып немесе айналып өтiп келе жатқан көлiк құралын, өрлеудiң соңында және көруi шектелетiн жол учаскелерiнде қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен басып озуға тыйым салынады.
Жай жүретiн немесе әрi көлемдi көлiк құралының жүргiзушiсi елдi мекеннен тыс жерлерде осы көлiк құралын басып озу қиындаған жағдайда мүмкiндiгiнше оңға ығыса жүруi, ал қажет болған жағдайда артта жиналып қалған көлiк құралдарын өткiзiп жiберу үшiн аялдауға мiндеттi.
Егер алда кездескен жол айырығы қиындатылған және жол айырығының басымдылығы және белгiлерiмен айқындалмаған болса, онда кедергi бар жақтағы жүргiзушi жол беруi тиiс. және белгiлерiмен белгiленген еңiсте кедергi болған жағдайда төмен қозғалып келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi жол беруге мiндеттi.
Көлiк құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал ол жоқ болғанда — жүрiс бөлiгiнiң шетiне аялдама жасауға және тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде әр бағыт үшiн бiр-бiрден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және бiр жақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға және тоқтауға рұқсат етiледi (рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне бiржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсiрген кезде ғана рұқсат етiледi).
Көлiк құралдарын конфигурациясы (жүрiс бөлiгiнiң кеңейтiлген жерi) көлiк құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бiр қатарға қоюға рұқсат етiледi. Бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын екi қатар қоюға рұқсат етiледi.
Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшiнара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етiледi.
Аялдама жасауға егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде, темір жол өтпелерінде, тоннельдерде, эстакадаларда, көпірлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшін кемінде үш жолақ болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан), аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса, жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде, ең болмағанда бiр бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса, жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 30 м. жақын жерде, аялдама алаңдарында және оларға 15 м жақын жерде, ал ол жоқ болғанда маршруттық көлік құралдары мен такси аялдамасының көрсеткішінен 15 м жақын жерде, көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе басқа көлік құралдарының (кептеліс) және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында тыйым салынады.
Аялдама жасауға тыйым салынатын жерлерде, эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында, елдi мекеннен тыс жерлерде жолдың белгiсiмен белгiленген жүрiс бөлiктерiнде, темiржол өтпелерiнен 50 м. жақын жерде, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, двигателi iске қосулы механикалық көлiк құралдарының елдi мекендерде, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында Тұруға тыйым салынады.
Аялдама жасауға тыйым салынған жерде амалсыз тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын ол жерден әкетудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға мiндеттi.
Мұның қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше көлiк құралының есiгiн ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынады.
— Полиция мырза, көше қиылысын өтуде жолаушыларға, жүргізушілерге көп қиындық туғызады. Осы туралы жан-жақты айта кетсеңіз.
— Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші ол бұрылатын жолдың жүріс бөлігін өзінің қозғалыс бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және белгісімен белгіленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлік құралдарына жол беруге міндетті.
Көше қиылысына немесе жүрiс бөлiгi өтпесiне, егер жүргiзушiнi аялдауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, көлiк құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшiн кедергi келтiре отырып шығуға тыйым салынады.
Жүргiзушiге шолуды шектейтiн, iлеспе бағытта қозғалатын көлiк құралының алдына түсуге тыйым салынады.
Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлiк құралы аялдаса, онда көршi жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi мұның қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты жалғастыра алады.
Қозғалыс кезектiлiгi бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетiн болып есептеледi.
Жұмыс iстемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезiнде немесе реттеушi жоқ болса, көше қиылысы реттелмейтiн болып есептеледi және жүргiзушiлер реттелмейтiн көше қиылыстарын өту ережелерiн және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгiлерiн басшылыққа алады.
— Полиция мырза, реттелетiн көше қиылыстары мен реттелмейтiн көше қиылыстары жайлы нақтырақ баяндап берсеңіз.
— Бағдаршамдардың рұқсат ететiн сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағыттан тiке немесе оңға қозғалатын, оның iшiнде ереженiң тармағына сәйкес көше қиылысына шығатын көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де осындай ереженi өзара басшылыққа алуға мiндеттi.
Бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бiрдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытында қозғалған кезде жүргiзушi басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.
Егер бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналы трамвайға және рельссiз көлiк құралына бiрдей уақытта қозғалуға рұқсат беретiн болса, онда трамвай, оның қозғалысы бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бiрдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытымен қозғалған кезде трамвай басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге тиiстi.
Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы кезiнде көше қиылысына кiрген жүргiзушi көше қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгiлi бағытқа шығуға мiндеттi. Сонымен қатар, егер көше қиылысында, жүргiзушiнiң бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және белгiсi болса, жүргiзушi әрбiр бағдаршамның сигналын басшылыққа алуға мiндеттi.
Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда жүргiзушi көше қиылысы арқылы қозғалысын аяқтайтын көлiк құралына және осы бағыттағы жүрiс бөлiгiнде өтудi аяқтамаған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
Қозғалыс қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысында айналу қозғалысын жасайтын жол жолағы үстiндегi жүргiзушi, егер оның аялдауы осы жол жолағы бойымен оның артынан келе жатқан көлiк құралына кедергi тудыратын болса, iске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта қозғалысын жалғастыруы тиiс.
Тең емес мәндегi жолдардың қиылысында, екiншi дәрежелi жолдың бойымен қозғалушы көлiк құралының жүргiзушiсi олардың әрi қарайғы қозғалыс бағытына байланыссыз, басты жолмен жақындап қалған, оның iшiнде кейiн қарай бұрылуды жүзеге асыратын көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Бөлу жол жолағы бар басты жолмен қозғалатын жүргiзушi көше қиылысында керi айналуды жүзеге асырмас бұрын екiншi дәрежелi жолмен көше қиылысына жақындаған көлiк құралының оған жол беретiндiгiне көз жеткiзуi тиiс.
Басты жол көше қиылысында бағытын өзгерткен жағдайда басты жолмен қозғалатын жүргiзушiлер бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысын өту ережесiн өзара басшылыққа алуға мiндеттi. Екiншi дәрежелi жолмен қозғалып келе жатқан жүргiзушiлер де осы ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.
Бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысында рельссiз көлiк құралдарының жүргiзушiсi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
Мұндай көше қиылыстарында, оның қозғалыс бағытына қарамастан, рельссiз көлiк құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.
Солға немесе керi бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағытта бiрдей маңызды жол бойымен тiке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
Егер жүргiзушi жолдың төсенiшi бар-жоғын айқындай алмаса (тәулiктiң қараңғы кезi, балшық, қар және сол сияқты), басылымдылық белгiлерi болмаса, ол екiншi дәрежелi жолдамын деп есептеуi керек.
— Полиция мырза, жаяу жүргiншiлер өтпесi және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалары жайлы не айтуға болады?
— Көлiк құралының жүргiзушiсi оның қозғалыс бағытындағы жүрiс бөлiгiн реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi бойымен өтiп келе жатқан жаяу жүргiншiлерге жол беруге мiндеттi.
Егер көлiк құралы реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi алдында аялдаса немесе қозғалысын баяулатса, көршi жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi аялдаған немесе қозғалысын баяулатқан көлiк құралының алдында жаяу жүргiншiнiң жоқ екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысын жалғастыра алады.
Реттелетiн жаяу жүргiншiлер өтпесiнде бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда, жүргiзушi оның бағытындағы жүрiс бөлiгiн кесiп өтудi аяқтап қалған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
Жаяу жүргiншi өтпесiне, егер онан кейiн жүргiзушiнi жау жүргiншi өтпесiнде тоқтауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, оған жығуға тыйым салынады.
Барлық жағдайларды, соның iшiнде жаяу жүргiншiлер өтпесiнен тыс жерлерде де, жүргiзушi ақ түстi таяқпен сигнал берген соқыр жаяу жүргiншiнi өткiзiп жiберуге мiндеттi.
Жүргiзушi аялдамада тұрған маршруттық көлiк құралына немесе одан (есiк жағынан) келе жатқан жаяу жүргiншiге, егер көлiкке отырғызу немесе түсiру жүрiс бөлiгiнде немесе жүрiс бөлiгiнде орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргiншiлерге жол беруi тиiс.
«Балаларды тасымалдау» деген айырым белгiсi бар аялдап тұрған көлiк құралына жақындағанда жүргiзушi жылдамдықты азайтуы, қажет болған жағдайда аялдауға және балалар тобын өткiзiп жiберуге мiндеттi.
— Полиция мырза, Түркістан қаласы темiржол жолдары арқылы қозғалыс, автоарналар бойымен қозғалыс және тұрғын аймақтардағы қозғалыс міндеттемелері қандай?
— Түркістан қаласынан өтетін теміржол қозғалысы бар. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi темiржол жолдарын поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып тек қана темiржол өтпелерi бойымен кесiп өте алады.
Темiржол өтпесiне кiру жолында жүргiзушi жол белгiлерiнiң, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшiнiң нұсқауын басшылыққа алуға, және бұдан басқа, жақындап қалған поездың (локомотивтiң, дрезинаның) жоқ екендiгiне көз жеткiзуге мiндеттi.
Шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезiнде, өтпе бойынша кезекшiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде (кезекшi жүргiзушiге кеудесiн немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерiлген қолында — жезл, қызыл фонарь немесе жалаушы, не екi жағына қолдарын созып), егер өтпенiң арғы жағында жүргiзушiнiң өтпеде аялдауға мәжбүр ететiн тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса, егер өтпеге көрiну шегiнде поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса өтпелерге шығуға тыйым салынады.
Бұдан басқа темiржол жолдарын темiржол өтпелерiнен тыс жерден өтуге, қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесi алдында тұрған көлiк құралын айналып өтуге, шлагбаумды өздiгiнен ашуға, жол өтпесi арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа машиналар мен механизмдердi көлiк емес жағдайда алып шығуға, темiр жол әкiмшiлiк-техникалық бөлiмше бастығының рұқсатынсыз жылдамдығы 8 км/сағ. кем баяу жүретiн машиналарды, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелер қозғалысына тыйым салынады.
Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргiзушi тоқтау-сызығының, 2.5 белгiсiнiң немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда — темiржол өткелi шекарасында аялдауы тиiс.
Өтпе үстiнде амалсыздан аялдаған кезде жүргiзушi дереу жолаушыларды түсiруi және өтпенi босату үшiн шаралар қолдануы тиiс. Сонымен, бiр мезгiлде жүргiзушi мүмкiндiк болған кезде жол бойымен екi адамды екi жаққа өтпеден 1000 м (егер бiреу болса, онда жолдың нашар көрiнетiн жағына), оларға жақындап келе жатқан поездың (локомотивтiң, дрезинаның) машинисiне аялдау сигналын беру ережесiн түсiндiрiп, жiберуге, көлiк құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын беруге, поезд көрiнген бойда аялдау сигналын берiп, оған қарсы жүгiруге міндетті.;
Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндiз ашық түстi матаның қиындысымен немесе қандай ма болмасын жақсы көрiнетiн затпен, түнде — шырақпен немесе фонарьмен) аялдау сигналы болып табылады. Бiр ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.
Автоарналарда көлiк құралдарынан тыс жаяу жүргiншiлердiң, сондай-ақ үй хайуанаттарының, велосипед, мопед, трактор және өздiгiнен жүретiн машиналардың, сондай-ақ жылдамдығы техникалық сипаттамалары бойынша немесе жай-күйiне орай 40 км/сағ. кем өзге де көлiк құралдарының болуына, рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. көп жүк автомобильдерiнiң екiншi жол жолағынан әрi қозғалуына, тұрақ үшiн немесе белгiлерiмен белгiленген арнаулы алаңнан тыс аялдама жасауға, бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында керi айналуға және оған кiруге, артқы жүрiспен қозғалуға, үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.
Жүрiс бөлiгiнде амалсыздан тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын Ереженiң 7-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес белгiлеуге және оны осыған арналған жол жолағына (жүрiс бөлiгiн белгiлейтiн сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолдануға мiндеттi.
Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ 5.3 белгiсiмен белгiленген жолдарға да қолданылады.
Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер қозғалысына тротуармен де, сол сияқты жүрiс бөлiгiмен де рұқсат етiледi. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер артықшылықпен пайдаланады, сонымен қатар олар қозғалыстағы көлiк құралдарына негiзсiз кедергi келтiрмеулерi керек.
Тұрғын аймақта, көлiк құралдарының тура қозғалуына, көлік құралдарының жүрiс бөлiгiнен тыс қозғалысына, үйрену үшiн жүруге, iстеп тұрған двигательмен тұруға, рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiнiң, автобустардың арнаулы бөлiнген және белгiлермен және таңбалармен белгiленген арнаулы орыннан тыс тұруына, дыбыстық сигнал беруге, әуенді қатты қосуға, тротуарларда, гүлзарларда, балалар және ойын алаңдарында тоқтауға тыйым салынады.
Жүргiзушiлер тұрғын аймақтан шығу кезiнде қозғалысқа басқа қатысушыларға жол беруi тиiс.
Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.
— Полиция мырза, маршруттық көлiк құралдарының басымдылығы туралы не айтсасыз?
— Көше қиылысынан тыс, трамвай жолдары жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жерлерде трамвай, деподан шыққаннан басқа жағдайларда, рельссiз көлiк құралдарының алдында артықшылыққа ие болады.
белгiлерiмен белгiленген, маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағымен басқа көлiк құралдарының қозғалуына және аялдауына тыйым салынады.
Егер белгiмен белгiленген жол жолағы қалған жүрiс бөлiктерiнен үзiк-үзiк таңбалау сызықтарымен бөлiнген болса, онда бұрылу кезiнде көлiк құралдары соған орын ауыстырулары қажет. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жол жолағына егер бұл маршруттық көлiк құралдарына кедергi тудырмайтын болса, жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiнен жолға кiрер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн кiруге рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде жүргiзушiлер белгiленген аялдамалардан қозғалысты бастайтын троллейбустарға және автобустарға жол беруi тиiс. Троллейбустар мен автобустардың жүргiзушiлерi оларға жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты бастай алады.
— Полиция мырза, сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану ережесі туралы айта кетсеңіз.
— Тәулiктiң қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, сондай-ақ тоннельдерде көлiк құралдарының жарықтандыру приборлары барлық механикалық көлiк құралдары мен мопедтерге — габариттiк шамдар мен алыс және жақын жарық фарлары, велосипедтерде — фарлар немесе фонарьлары, делбесi бар көлiк-арбада — фонарьлар (олар болған кезде), тiркемелер мен сүйретпе механикалық көлiк құралдарында — көлемдiк оттар iске қосылуы тиiс.
Егер жол жарықтандырылған болса, елдi мекендерде, қарама-қарсы жол айырығында көлiк құралына 150 м кем дейiнгi, сондай-ақ және одан үлкен ара қашықтықта, қарсы келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi фардың жарығын мезгiл-мезгiл жағып-сөндiрiп, мұның қажет екендiгiн көрсетсе, қарама-қарсы, сонымен бiрге iлеспе көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көзiн қарықтыру мүмкiндiгiн болдырмау үшiн кез келген басқа жағдайларда алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылуы тиiс.
Көзiн қарықтырған жүргiзушi авариялық жарық сигналын iске қосып, қозғалыс жол жолағын ауыстырмай аялдауы тиiс.
Тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көрiну жағдайларында аялдаған және тұрған кезде көлiк құралында көлемдiк оттар жағылуы тиiс. Көру жеткiлiксіз болған жағдайда көлемдiк оттарға қосымша жақын жарық фары, тұманға қарсы фарлар және артқы тұманға қарсы фарлар iске қосылуы мүмкiн.
Көлемдiк оттардың ақауы болса, көлiк құралдары жол шекарасынан тыс әкетiлуi тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, оны ереженiң және тармақтарының талаптарына сәйкес белгiлеу қажет.
Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс;
Тұманға қарсы фарлар жекелей, сол сияқты фардың жақын және алыс жарығымен бiрге, жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде фардың жақын және алыс жарығымен бiрге, мұманға қарсы фарлар алыс және жақын жарық фарларының қосылғанына қарамастан, габариттiк шамдар қосылған кезде қосылуы тиiс.
Тәулiктiң жарық уақытында қозғалған кезде қозғалыстағы көлiк құралын белгiлеу мақсатында, елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде, қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте, мотоциклдер мен мопедтерде, ұйымдастырылған көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде, көк түстi жарқырауық маягi iске қосулы жедел және арнаулы қызмет автомобильдерi алып келе жатқан көлiк құралдарында, негiзгi қозғалыс легiне қарама-қарсы арнаулы бөлiнген жол жолағының бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарында, маршруттық емес автобустарда немесе жүк автомобильдерiнде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдағанда, қауiптi, iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау кезiнде, механикалық көлiк құралын сүйреткенде (сүйрелетiн көлiк құралында), бөлу жол жолақтары бар жолдың қозғалыс үшiн жабық жүрiс бөлiгiн белгiсiнiң талаптарына сәйкес айналып өткенде фардың жақын жарығы iске қосылуы тиiс.
Фар-прожекторды және фар-iздеушiнi қарама-қарсы көлiк құралы жоқ кезде елдi мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Елдi мекендерде мұндай фарларды тек қана жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүгiзушiлерi қызметтiк тапсырманы орындау кезiнде пайдалана алады.
Тұманға қарсы артқы фонарьлар көрiну жеткiлiксiз болған жағдайларда ғана қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьды тоқтау-сигналына қосуға тыйым салынады.
«Автопоезд» айырым белгiсi автопоездың қозғалысы кезiнде, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көру жағдайында, бұдан басқа оның аялдау және тұру кезiнде iске қосылуы тиiс.
Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді және қауіпті жүктердің тасымалдарына ілесіп жүретін көлік құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда, күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке күзет ұйымдары ұтқыр топтарының көлік құралдары қосылуы тиіс.
Дыбыс сигналдары тек қана, басқа жүргiзушiлердi елдi мекеннен тыс жерде басып озу ниетiн ескерту үшiн, бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
Басып озу туралы ескерту үшiн, сондай-ақ Ереженiң 9.4-тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәулiктiң жарық уақытында мезгiл-мезгiл қысқа уақытқа фардың жарығын жандырып-сөндiрумен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында — бiрнеше қайтара фардың жақын жарығын алыс жарыққа ауыстырумен берiлуi мүмкiн.
— Полиция мырза, механикалық көлiк құралдарын сүйрету қалай жүзеге асырылады?
— Сүйрету тiркеудi қолдана отырып немесе көлiк құралының алдыңғы жағына арнаулы тiрек құрылғысына сүйрететiн көлiк құралына асу жолымен, немесе оны сүйрететiн көлiк құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады.
Қатты немесе иiлгiш тiркемемен сүйрету, қатты тiркеме конструкциясы сүйретiлетiн көлiк құралы сүйретушiнiң траекториясы бойынша жүретiн түзу сызықты қозғалысын қамтамасыз ететiн жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретiлетiн көлiк құралында жүргiзушi болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Иiлгiш тiркемемен сүйреткен кезде сүйретушi және сүйрелетiн көлiк құралдарының арасында 4-6 м шегiнде, ал қатты тiркемемен сүйрету кезiнде — 4 м артық емес арақашықтық қамтамасыз етiлуi тиiс. Байланыстыратын буындар Негiзгi ережелердiң тиiсiнше 11 және 12-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиiс.
Иiлгiш және қатты тiркемемен сүйреткен кезде сүйретiлетiн автобуста (троллейбуста) және сүйретiлетiн жүк автомобилiнiң кузовында жолаушылардың болуына, ал аспалы немесе жартылай тиеумен сүйреткен кезде — сүйретiлетiн көлiк құралының кабинасында немесе кузовында, сондай-ақ сүйретiлетiн көлiктiң кузовында жолаушының болуына тыйым салынады.
Рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн көлiк құралын (аспалы әдiспен немесе жартылай тиеумен сүйретуге жол берiледi), екi немесе одан көп көлiк құралдарын, оның нақты массасы сүйрейтiн көлiк құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесi жұмыс iстемейтiн көлiк құралын. Мұндай көлiк құралын нақты салмақ аз болғанда тек қана қатты сүйретпемен немесе жартылай тиеу әдiсiмен сүйретуге жол берiледi, бүйiр тiркемесi жоқ мотоциклмен, сондай-ақ осындай мотоциклдi, көктайғақ кезiнде иiлгiш тiркемемен жағдайларда сүйретуге тыйым салынады.
— Полиция мырза, көлік құралын жүргізуді бастапқы үйрену үшiн қандай алаңдарда жүзеге асады?
— Көлiк құралын жүргiзудi бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргiзiледi.
Жолдарда үйрену үшiн жүруге тек қана үйретушiмен және үйренушiнiң бастапқы басқару дағдылары болған кезде ғана жол берiледi, мұндайда дербес үйрену кезiнде механикалық көлiк құралында жолаушылар болмауы тиiс. Үйренушi Ереженiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi.
Үйретушiнiң өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын жүргiзудi үйрету құқығына құжаты немесе 3 жылдан артық жүргiзушiлiк стажы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiк құралын басқаруға куәлiгi болуы, ал үйренушiнiң — дербес тәртiпте — жеке басын куәландыратын құжаты және осы санатты көлiк құралын басқаруға жарамдылығына медициналық растаудан өткендiгi туралы анықтамасы болуы мiндеттi. Дербес тәртiпте С, D және E санатындағы көлiк құралдарына жүргiзудi үйретуге тыйым салынады.
Үйренушiнiң жасы автомобильге 16-дан, ал мотоциклге — 14-тен кем болмауы тиiс.
Үйрену жүргiзiлетiн механикалық көлiк құралы «Үйрену көлiк құралы» деген айырым белгiсiмен белгiленген және үйренушi үшiн артқы көрiнiс айнасымен жабдықталған болуы тиiс. Үйрету ұйымының жүргiзудi үйренуге арналған механикалық көлiк құралы Негiзгi ережелердiң тармағына сәйкес қосымша жабдықталуы тиiс.
Тiзбесi белгiленген тәртiпте хабарланатын жолдарда үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.
— Полиция мырза, жолаушыларды тасу және қандай автокөліктермен жолаушыларды тасуға болады? Жүк тасымалдау жайлы айта кетсеңіз.
— Жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдауға «С» санатындағы көлiк құралдарын басқару құқығына куәлiгi (кабинадағы жүргiзушiнi қоса алғанда 8 адамнан артық тасымалдау кезiнде) осы санаттағы көлiк құралын басқаруда 3 жылдан артық стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.
Әскери жүргiзушiлерге жүк автомобильдерiмен жолаушылар тасымалдауға рұқсат беру белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жасы кемінде жиырма бірде, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттарына сәйкес болуы тиіс.
Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилiнiң кузовында, егер ол Негiзгi ережелердiң 4-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етiледi.
Жүк автомобилiнiң жүргiзушiсi жол жүрер алдында жолаушыларға мiну, түсу және кузовта орналасу тәртiбi туралы түсiндiруге; қозғалыс кезiнде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынғандығы туралы ескертуге тиiс.
Қозғалысты жолаушыларды қауiпсiз тасымалдау шаралары қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзiлгеннен кейiн бастауға болады.
Борттық платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшiн жабдықталмаған жүк автомобилiнiң кузовында жүруге, олар борттың деңгейiнен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етiлген жағдайда ғана, жүктi алып бара жатқан немесе жүк әкелуге жiберiлген адамдарға рұқсат етiледi.
Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асыруға, ал қозғалысты есiктер жабық күйiнде бастауы және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.
Жолаушыларды автомобильдiң (борттық платформасы немесе бүркемелi кузовы бар жүк автомобильдерiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздiгiнен жүретiн машинаның кабинасынан тыс, жүк тiркемесiнде, жүк мотоциклiнiң кузовында және мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орыннан тыс, көлiк құралының техникалық сипаттамасында көзделгеннен, 12 жасқа дейiнгi балаларды санамағанда, жоғары санда. Мұндайда көлiк құралының нақты салмағы дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген рұқсат етiлген ең жоғары масса көлемiнен аспауы тиiс және 12 жасқа дейiнгi балалар саны жолаушыларға арналған отыратын орын санынан аспауы керек. Мотоциклдiң артқы орындығында мас күйiнде, жүк автомобилiнiң кузовында отыру үшiн жабдықталғаннан жоғары санда тасымалдауға тыйым салынады.
Балаларды мотоциклдiң артқы орындығында, механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларға арналған ұстап тұру арнайы құрылғысы болмағанда тасымалдауға тыйым саоынады.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады, онда міндетті түрде ересек (18 жастан жоғары) ілесіп жүруші болуы тиіс.
Автобустар балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кезінде сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуға тиіс. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген тану белгісі орнатылуы тиіс.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауға жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс.
Жүк тасымалдау осы мақсатқа арналған көлiк құралдарымен және көлiк құралдарының құрамдарымен жүзеге ысырылуы тиiс.
Автобустарда қол жүгiн қоятын бөлiмшеден тыс орында жүктi, оның iшiнде қол жүгiн тасымалдауға тыйым салынады.
Тасымалданатын жүк пен жолаушылардың массасы, жүктеменi осьтер бойынша бөлiп орналастыру осы көлiк құралы үшiн дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген көлемнен аспауы тиiс.
Жүргiзушi қозғалысты бастар алдында және қозғалыс кезiнде олардың құлауынан, қозғалысқа кедергi тудыруды болдырмаудан сақтану үшiн олардың орналасуын, бекiтiлуiн, жабылуын және жай-күйiн бақылап отыруы тиiс.
Жүк тасымалдауға, егер көлiк құралының санатына және түрiне сәйкес келсе, жүргiзушiге шолуды шектемесе, басқаруды қиындатпаса және көлiк құралының орнықтылығын бұзбаса, сыртқы жарық приборларын және жарық шағылыстырғыштарды, тiркеу және айырым белгiлерiн көлегейлемесе, сондай-ақ қолмен берiлетiн сигналдарға кедергi жасамаса, шу туғызбайтын болса, жолды және қоршаған ортаны шаңдатпаса, ластамайтын болса жол берiледi.
Егер жүктiң жай-күйi мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргiзушi аталған тасымалдау ережелердiң бұзылуын жоюға, егер жою мүмкiн болмаса — әрi қарай қозғалысты тоқтатуға мiндеттi.
Арттан және алдынан 1 м артық немесе бүйiрден көлемдiк оттардың сыртқы шетiнен 0,4 м артық шығып тұратын жүктер немесе көлiк құралының көлемiнен шығып тұратын бөлiктер «Iрi көлемдi жүк» айыру белгiлерiмен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, бұдан басқа, алдынан — фонарьмен немесе ақ түстi жарық шағылыстырғышпен, артта — фонарьмен немесе қызыл түстi жарық шағылыстарғышпен белгiленуi тиiс.
Ауыр салмақты, iрi көлемдi және қауiптi жүктерді тасымалдау, жүкпен немесе жүксiз көлемдiк өлшемi енi бойынша — 2,55 м-ден, жүрiс бөлiгiнiң бетiнен биiктiгi бойынша — 4 м-ден, автопоездың (бiр тiркемені қоса алғанда) ұзындығы бойынша — 20 м-ден асатын не көлiк құралының көлемiнен 2 м-ден астам артқа шығып тұратын жүгi бар көлiк құралының қозғалысы, сондай-ақ екi және одан көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн арнайы ережелерге сәйкес орындалуы тиiс.
Көлiк құралы қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде — «Қауiптi жүк»; «Негiзгi ережелердiң» 8-тармағында көзделген жағдайларда — «Ұзын өлшемдi көлiк құралы» деген айырым белгiлерiмен белгiленген болуы керек.
— Полиция мырза, велосипедтердiң, мопедтердiң, көлiк арбалардың қозғалысына, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптарға тоқталып, түсіндіріп кетсеңіз.
— Түркістан қаласындағы жолдарда көктайғақтың алдын алуға қажетті инертті материалдар толық аудан, қалалардағы қоймаларға тасымалданып, жинақталды. Жүзден астам арнайы техника жасақталған. Автомобиль жолдарының жай-күйін күнделікті бақылау күшейтілген. Қыс айларында автомобиль жолдарында автокөліктердің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары облыс басшылығы тарапанан қатаң бақылауда.
Түркістан қаласы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асады.
Велосипедтi, көлiк-арбаны, жүк артылған адам мiнiп келе жатқан көлiк-малы немесе жол бойымен қозғалатын мал табынын басқаруға жасы 14-тен, ал мопедпен жүруге — 16-дан кем емес адамдарға рұқсат етiледi.
Велосипедтер, мопедтер, көлiк арба (шана), адам мiнген және жүк артылған көлiк-малы, егер бұл жаяу жүргiншiлерге кедергi келтiрмейтiн болса, оң жақ шеткi жол жолағымен, мүмкiндiгiнше оңға таман бiр қатармен қозғалуы тиiс.
Велосипедшiлер, көлiк арба (шана), адам мiнген және жүк артылған мал колонналары жүрiс бөлiгi бойымен қозғалған кезде 10 велосипедшi, адам мiнген және жүк артылған көлiк-малы 10-нан және арба (шана) 5-тен топтарға бөлiнуi керек. Басып озуды жеңiлдету үшiн топтардың ара қашықтығы 80-100 м болуы тиiс.
Велосипед пен мопед жүргiзушiлерiне ең болмағанда бiр қолымен рульден ұстамай жүруге, сенiмдi аяқ тiрегiшпен жабдықталған қосымша орындықта 7 жасқа дейiнгi баладан басқа жолаушыларды тасымалдауға, көлемiнiң ұзындығынан немесе енiнен 0,5 м артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға, қатарында велосипед жолы болғанда жол бойымен қозғалуға, трамвай қозғалысы бар және осы бағытқа қозғалу үшiн бiр жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға тыйым салынады.
Велосипед және мопедтiң пайдалануына арналған тiркемеден басқа велосипедтердi және мопедтердi, сондай-ақ велосипедпен және мопедпен сүйретуге тыйым салынады.
Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан, реттелмейтiн өтпесiнде велосипед пен мопедтердiң жүргiзушiлерi осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс.
Көлік-арба жүргізушісі шектеулі шолынатын жерлерде екінші дәрежелі жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап алып жүруі тиіс.
Малдарды, ереже бойынша, тәулiктiң жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдары мүмкiндiгiнше жолдың оң жақ шетiне жақын бағыттауы тиiс.
Тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында мал топтарын жолдың бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда мал бар екендiгiн ескерту үшiн жүргiзушiлерге сигнал беруi тиiс.
Ескертпе. Шырақпен немесе фонарьмен қолдың шеңбер жасай қозғалуы сигнал болып табылады, мұндайда берiлетiн сигнал мал топтарынан жақындап келе жатқан көлiк құралдарының бағытында, 10-15 метр ара қашықтықта болуы керек.
Темiржол жолдары арқылы айдағанда мал айдаушылар мал санын әр торты қауiпсiз айдап өтудi қамтамасыз ететiндей болуын ескере отырып, топтарға бөлуi тиiс.
Көлiк-арбаның (шананың) жүргiзушiлерi, мал айдаушылар мен жүк артылған және мiнiс малының және малдың иелерiне малдың қатты төсенiштi жолдарға шығып кетуi мүмкiн жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға, малдарды темiржол жолдары арқылы және арнаулы белгiленген жерлерден тыс, сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында (түрлi деңгейдегi мал айдаудан басқа) айдап өтуге, малдарды, өзге жолдар бола тұрып, асфальтты және цемент-бетон төселген жолдармен алып жүруге тыйым салынады.
Сұқбаттасқан Р.Тасболатқызы