Соның бірі — төрт түлікпен болатын жол апатын болдырмау үшін малдың мойнына тағылып жатқан жарық шағылыстыратын таспа.
Түркістан қаласында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.
Осыған байланысты төрт түліктің мойнына жарыққа шағылысатын таспа ілінуде!
Таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан бірден байқалады.
Бүгінгі таңда өзіміз қаланы аралап жүріп 16 383 ірі қараның мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілдік.
Жалпы мал иелері де жауапкершілік танытып, осындай ерекше таспаларды малдарына тағулары қажет!
Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Берік Нышанбаевтың ұйымдастыруымен ауқымды семинар-кеңесі өткізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу және анықтау құрылымдарының қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Сот сараптама институтының директоры Ш.Тасыбаев, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Х.Тлеулин, Түркістан облысы прокурорының көмекші прокуроры Н.Бердикулов, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары М.Қайролдаев, Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция капитаны Б.Шамил арнайы шақырылды.Күн тәртібінде жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс құжаттарын жинақтау кезінде орын алатын кемшіліктер мен қажетті сараптамаларды жүргізу барысында туындайтын сұрақтар қаралды.
Оған қоса электронды қылмыстық істер бойынша орын алған кемшіліктер мен алдағы уақыттарда олқылықтарға жол бермеу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде семинарға қатысушы тергеушілер мен анықтаушылар, жиында айтылған пайдалы ақпараттар мен ақыл-кеңестерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ қызмет барысында кемшіліксіз жұмыс жүргізетіндіктерін алға тартты.
Түркістан облысында «Сергек» орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 41% азайды. 2020 жылы өңір республика бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған. Бүгінде бұл көрсеткіш төмендеген.
Бүгінде пилоттық жоба аясында Түркістан қаласының қиылысында 26 «Сергек» камералары орналасқан. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелі бар жерлерде 30 желілік «Сергек» кешендері және қала ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қойылған 200 бейнебақылау камералары жұмыс істеуде.
Былтыр «Сергек» пилоттық жобасын іске асыру бойынша Түркістан облысының әкімдігі мен полиция департаменті және «Көркем Телеком» ЖШС арасында меморандумға қол қойылған болатын.
Сондай-ақ Түркістан қаласында «Қорғау» жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе «Сергек» камераларының көмегімен патрульдік полиция қызметкеріне 10 минут ішінде жол жүру ережесін бұзған автокөліктерді, жалған нөмірлер орнатылғанын, айыппұл төленбегенін хабарлай алатын немесе іздеуде жүрген қылмыскерлер туралы ақпаратты беріп отырады.
Облыс аумағындағы автокөлік тас жолдарында орналасқан «Сергек» кешеніндерін айта кететін болсақ, бұл желілік камера кешендері P-31 автожолының Кентау-Түркістан бағыты бойында (Оранғай ауылдық округі), М-32 халықаралық автожолының Түркістан-Шымкент бағыты бойында (Спатаев, Көкарал, Қайнар, Шұбарсу елді мекендері), А-2 автожолының Түлкібас-Шымкент пен Шымкент-Ташкент бағыттары бойында (Атамекен, Құлтума, Қарабұлақ, Рабат елді мекендері), А-15 автожолының (Бесқұбыр және Жаңа Дәүір ауылына бұрылған жерде) бойында орналасқан.