ЖОҒАЛҒАН ҚАРИЯ ТАБЫЛДЫ…
Түркістан қаласының тұрғыны Полиция басқармасына арызданды. Ол арызында 80 жастағы әкесінің 19-шы қазан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен.
Жедел іске кіріскен полиция қызметкерлері қария баруы мүмкін жерлерді түгел тексеріп, жоғалған азаматты тапты. Ол қазір туыстарының жанында.
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САҚТАЛДЫ…
Түркістан қаласы “Бекзат” мөлтек ауданындағы Ораз Жандосов көшесі тұрғындарының өтініші негізінде Түркістан қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері аталған көшеге жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер өтпе жолын сызып,жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісін орнатты.
Ендігі кезекте тұрғындар көше бойында жол ережелерін сақтап, өз қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
Жастармен кездесу өтті…
Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында “Туризм және меймандостық” университетінде Түркістан қалалық полиция қызметкерлерінің қатысуымен нашақорлық және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісінің алдын алу бойынша кездесу өтті.
Жиын барысында сала мамандары жастарға жұқтырылған қорғаныш тапшылығының инфекциясын жұқтырудың, есірткі құралдарын пайдаланудың алдын-алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізуге, есірткінің жағымсыз салдары туралы толыққанды мағлұмат берді. Сондай-ақ, есірткіден бойды аулақ салудың маңыздылығын ескертіп, салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырды.
500 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЛТЫНЫН ҰРЛАҒАН…
Түркістан қаласының Полиция Басқармасына кәсіпкер әйел арызданды. Жәбірленуші арызында 6-шы қараша күні, кешкі сағат 17:00 шамасында “Қуаныш” базарындағы сауда нүктесінен белгісіз азаматша құны 500 мың теңге тұратын алтын бұйымын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Полиция қызметкерлері жедел іске кірісіп, күдіктіні анықтады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН…
Төлеби қаласында мүгедектікке шығарып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті әйел ұсталды.
Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, жақын таныс емес әйел “денсаулығына байланысты мүгедектікпен зейнетке шығарып беремін” деп 500 мың теңге ақшасын алып, ізін суытқанын жазып көрсеткен. Аталған жәйіт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, Түркістан қалалық тәртіп сақшыларының іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті жергілікті мекенжайынан ұсталды.
Анықталғандай, күдікті , яғни жас келіншек бұған дейін де алаяқтық жасап тұрғындардың ақшасын алып, өз қажетіне жұмсап отырған. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарға қырағы болуға және күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, алаяқтан зардап шексеңіз, бірден полицияның “102”байланыс телефонына хабарласыңыз деп ескертеді.
Өздеріңізге белгілі жол апаты көптеген жазықсыз жандардың қаза табуына себеп болып отыр. Сондықтанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жол апатын азайту туралы жедел шаралар қабылдау қажеттілігі тапсырылған.
Осы маңызды мәселе аясында кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Онда жол апатын азайту мен болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес.
Сондай-ақ жол апатының орын алуына жөндеу жұмыстарының, қыс мезгілінде жолды тазалайтын техникалардың, орнатылған бейнекамералардың әсері бар екені талданды.
Ұтымды ұсыныстарымды айтып, Түркістан қаласы түрғындарының қауіпсіздігін әрқашан жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бар күш жігерімізді салатынымызды жеткіздім!