Қараша айының 9-11 аралығында «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда жедел профилактикалық шараның арқасында бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтың саны азайып келеді. Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Жасұлан Шарипов.

Пробация қызметі аға инспекторының сөзіне қарағанда жедел профилактикалық шара барысында қалалық пробация қызметінің есебінің қызметінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы, жұмыс және оқу орнына тексеру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, аға инспектор тексеру шарасы барысында сотталған азаматтардың жақын туыстарымен сөйлесіп, олардың отбасылық жағдайы және әлеуметтік жағдайын анықт ау жұмыстары да жүргізілді. Егер сотталған азамат сот үкімінде көрсетілмеген міндеттерді орындамаған жағдайда ҚР ҚК-тің 44 және 46 баптары бойынша сотталған тұлғаның ісі сотқа жолданатыны жайында да айтып өтті. Сондай-ақ, шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Және де Түркістанда «Сен қоғамға керексің» акциясы өтті. Түркістан қалалық мәдениет үйінде қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен “Сен қоғамға керексің” атты тақырыпта басқосу болып өтті.

Аталмыш жиынға өңірдегі тиісті сала басшылары, жеке кәсіпкерлер және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар  қатысты. Мәжілісті қала прокурорының орынбасары Ш.Ертаев мырза ашып әм жүргізіп отырды.

Жиналыста қалалық ішкі істер басқармасы пробация қызметінің бастығы М.Усманов мырза хабарлама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше, 2016 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 78 тұлға пробация қызметіне есебіне қойылған. Сонымен қатар, қазірдің өзінде жалпы пробациялық бақылау белгіленген 167 азамат есепте тұр. Осы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларға қатысты әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмек көрсету, оларды жұмысқа орналастыру бағытында атқарылған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев пробация қызметіне есебіне қойылған азаматтарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан келелі жұмыстарды атап өтті.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елдің бірнеше өңірінде жүріп жатқан «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция өкілдері қандай әрекетке баруға құқылы екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатқанын еске саламын. Оның негізгі мақсаты – өңірдегі жедел жағдайды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету», – деді Нұрділдә Ораз.

Аталмыш іс-шара аясында полиция қызметкерлері мынадай әрекеттер орындай алады:

– көлік құралының және жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеру, көлікті тінту және азаматтардың заттарын тексеру;

– жалға алынған пәтерлерді, иесіз үйлерді, хостелдерді, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді тексеру;

– атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу;

– тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау;

– бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру.

«ІІМ азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады», -деді министрліктің ресми өкілі.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.